Фото: Алматы хайуанаттар бағы
Хайуанаттар бағының әкімшілігі мұндай әрекеттерге қатаң тыйым салынатынын ескертіп отыр. Зат лақтыру, қоршауларды қағу, әдейілеп мазалап, үркіту әрекеттері жануарлардың күйзелуіне себеп болып, денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.
Оқиғадан кейін зообақ қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды жинап, тиісті материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырды. Қазір заңнамаға сәйкес шара қолдану мәселесі қарастырылып жатыр.
Айта кетейік, әкімшілік келушілерді жануарларға құрметпен қарап, белгіленген ережелерді сақтауға шақырды.
Еске салайық, Ресейден жеткізілген Амур жолбарыстарына есім берілді.