АСТАНА. 17 мамыр. Хоккейден АҚШ құрамасы Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Үшінші орын үшін ойында олар Чехияны 3:0 есебімен жеңді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
АҚШ – Чехия 3:0 (2:0, 1:0, 0:0)
Голдар: Ник Бонино 8, Тревор Льюис 19, Чарли Койл 40.
Кездесу Чехия астанасы – Прагадағы «О2-Арена» айдынында өтті. 17 мыңнан астам жанкүйер алдында айдын иелері аянып қалмады. Ойын барысында негізгі басымдық та чехтардың қолында болды. 60 минуттың ішінде олар 39 мәрте қарсылас қақпасын нысанаға алса, АҚШ 16 рет соққы жасады. Сондай-ақ, айып уақыты бойынша да Чехия үздік нәтиже көрсетті. Америкалық хоккейшілердің айып уақыты 12 минутты құраса, 3 ойыншысы кіші айыппен жазаланған айдын иелерінің көрсеткіші 6 минутпен шектелді. Соған қарамастан, негізгі нәтиже АҚШ-тың пайдасына шешілді.
Осымен АҚШ өз тарихында 7-ші рет әлем чемпионатының «қоласын» иемденіп отыр. Соңғы рет 1960 жылы чемпион атанған құрама содан бері 5 мәрте 3-орын алып отыр (1962, 1996, 2004, 2013, 2015 жж.).
Аталған жарыстың финалы бүгін өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 00:45-те басталады. Бұл сында айдындағы «мәңгі қарсыластар» саналған Канада мен Ресей ойнайды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: iihfworlds2015.com.

Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасы бой көтереді
Қоғам • Бүгін, 13:58
Испания премьер-министрі Палестина туымен шыққан «Барселона» ойыншысын қолдады
Әлем • Бүгін, 13:35
Астанада заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй құрылысы тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 12:52
Айболат Бектен: Туыстық атаулар құқықтық негізде бекітілуі керек
Қоғам • Бүгін, 12:38
Алматылық дәрігерлер Италиядан келген туристің өмірін сақтап қалды
Қоғам • Бүгін, 12:25
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы карьерасын аяқтады
Спорт • Бүгін, 11:53
Астанада қай көшелерде қозғалыс шектеледі
Қоғам • Бүгін, 11:42
Конгода эбола вирусынан 65 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:14
Астаналық құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Қоғам • Бүгін, 10:33
Су үнемдеу ісінде Қазақстан өңір елдерінен озып тұр
Экология • Бүгін, 10:05
Еліміздің ірі мегаполистерінде ауа райы қандай болады
Экология • Бүгін, 09:38
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Экономика • Бүгін, 09:10
Тарихшы ғалымның хаттары кітап болып жарық көрді
Әдебиет • Кеше