АЛМАТЫ. 18 мамыр. «Протон-М» зымыран тасығышының апатқа ұшырауына байланысты мемлекеттік коммиссия іске кірісті. Коммиссияны «Роскомос» мекемесінің бірінші басшысы Игорь Комаровтың өзі басқарады. Бұл туралы РИА "Новости" хабарлады.
Апаттың маңыздылығына орай коммиссияның құрамына Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Әскери-өнеркәсіп мекемесінің, Зымыран-ғарыштық бірлестігінің, сондай-ақ, зымыран ғарыштық кәсіпорындар мен институттардың өкілдері кірді.
Мексикалық MexSat-1 жер серігі тіркелген «Протон-М» зымыран тасығышы 16 мамыр күні таңертең «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған. Ресми мәліметтерге қарағанда, ұшу барысының 497 секундында байланыс үзілген. Бұл мезетте зымыран-тасығыштың үшінші сатысының ажырауына, яғни зымыранның ғарыш кеңістігіне шығуына 1 минут уақыт қалған. Бір мәліметтер бойынша зымыран ұшу траекториясында толықтай күлге айналған, енді бір мәліметтер бойынша зымыранның кесек-кесек қалдықтары Байкал көлінің маңына құлауы мүмкін. «Роскосмостың» баспасөз қызметі бірінші мәлімдемесінде мексикалық жер серігі мен ұшу бағдарламасы алдын-ала сақтандырылғанын хабарлап үлгерді.
Апатқа үшінші сатыдағы қозғаушы аппаратттың зақымдануы себеп болған деген болжамдарға қарамастан, мемлекеттік коммиссия әзірге бұл туралы ешқандай да мәлімет таратқан жоқ.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: РИА "Новости".
• 18 Мамыр, 2015
Апатқа ұшыраған «Протон» зымыранына қатысты коммисия іске кірісті

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Аймақтар • Бүгін, 20:02
Түркі халықтарының көшбасшылары Turkistan визит-орталығына барды
Президент • Бүгін, 19:54
Президент түркі тарихын біріктіретін AI-платформа құруды ұсынды
Президент • Бүгін, 19:37
Астанада телекоммуникация саласының үздіктері марапатталды
Қоғам • Бүгін, 19:25
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ аясында бірлесе іске асыруға болатын бірқатар ұсынысты ортаға салды
Президент • Бүгін, 18:08
Президент: Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес
Президент • Бүгін, 18:06
Мемлекет басшысы: Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет
Президент • Бүгін, 17:50
Президент: Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды
Президент • Бүгін, 17:39
Мемлекет басшысы: Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы
Президент • Бүгін, 17:34
Соңғы бес жылда 4 мыңнан астам білікті маман елден кеткен
Еңбек • Бүгін, 17:33
Президент түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды
Президент • Бүгін, 17:27
Сталкинг дауы: Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Оқиға • Бүгін, 17:20
Елімізде балабақшаларды лицензиялау жүйесі қайта енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 17:12
Қазақстанда жаз айларында ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы
Қоғам • Бүгін, 17:05
Украина президенті кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Ермак қамауға алынды
Әлем • Бүгін, 16:48