АСТАНА. 24 тамыз. Бүгін Астанада дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Соған орай Орталық коммуникациялар қызметінде жарыстың ұйымдастырылу барысы және әлемдік доданың халықаралық аренада Қазақстанға тигізер оң әсері туралы жиын өтті. Оған Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев қатысты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Оның айтуынша, отандық палуандарға қойылар басты талап – әлемдік рейтингте үздік 22 спортшының қатарына қосылу. Себебі, мұндай нәтижеге қол жеткізген атлет келесі жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына тікелей жолдама алады. Сондай-ақ, төраға орынбасары Астанадағы дода Ойындарға қатысуға мүмкіндік беретін соңғы жарыс емес екенін айтты.
«Олимпиадаға жолдама Халықаралық дзюдо федерациясының рейтингіне сәйкес беріледі. Әлем чемпионатынан бөлек, ұпай алуға болатын басқа да халықаралық турнирлер бар. Дегенмен, өз жерімізде өткізілген додада спортшыларымыз аянып қалмайды. Себебі, дәл осы турнирдің нәтижесі бойынша ұлттық құраманың негізі жасақталады», – деді Серік Жарасбаев.
Айта кетейік, Астанадағы сайыста 137 мемлекеттен келген 823 атлет бақ сынайды. Олардың 495-і ерлер болса, 328-і әйелдер. «Алау» мұз айдынында өткізілетін чемпионат 30 тамызда аяқталады. Жарыстың трансляциясы 150 мемлекетке тарайды. Елімізде палуандардың белдесулері KazSport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: worldjudo2015.kz.
• 24 Тамыз, 2015
Дзюдо. Серік Жарасбаев: «Басты міндет – Олимпиада жолдамасы»

Қыста автокөлікті қыздыруға қатысты шектеулер қайта қаралады
Қоғам • Бүгін, 15:00
Қазақстанда әр соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден төленеді
Қоғам • Бүгін, 14:51
Президент: Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел
Президент • Бүгін, 14:11
Нұрай Серікбай ісі: Тергеу жақын арада аяқталады
Қылмыс • Бүгін, 14:03
Үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» шені берілуі мүмкін
Президент • Бүгін, 13:45
Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлем елдерінің қазақ армиясына деген сенімі жоғары
Президент • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы: Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етеміз
Президент • Бүгін, 13:29
Шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды?
Парламент • Бүгін, 12:04
Депутат: Автомектептердегі заңсыз жиналатын 5,6 млрд теңге кімнің қалтасына түсіп жатыр?
Парламент • Бүгін, 11:43
Жүргізушілерді даярлаудағы жаңа модель: Енді автомектептерге қандай талап қойылады?
Қоғам • Бүгін, 11:40
Енді жедел жәрдем мен автобустар жол ережесін бұзғандарды тіркейді
Заң • Бүгін, 11:20