22 Шілде, 2010

БҰЛ ДА БІТКЕН БІР ІС БОЛДЫ

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ауру – астан деген. Осындай өмірге қажетті құндылықтар қатарында пайдаланылатын тағам түрлерінің халалдығы қатаң қадағалануда. Облыста биыл 93 мал сою алаңын ашу жоспарланса, бүгінгі күні 101 алаң іске қосылыпты. Осылайша бүгінгі талапқа сай мал сою алаңының саны 150-ге жеткен. Көксу ауданының Балпық би кентіндегі “Жетісу нан”  тұрақтандыру астық қоры жанынан 40 бас ірі қара, 200 ұсақ мал союға мүмкіндігі бар алаң ашылды. Мұнда 100 тонна ет сақтайтын тоңазытқыш, таразы, өнімді тексеретін зертхана жұмысын бастады. Алаңда сойылған етке малдәрігерлік инвентарлық код басылып, осы арқылы еттің қашан, қайдан алынғанын анықтауға мүмкіндік тудырылды. Бүгінгі күні “Айршир” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сойып дайындаған ет Кеден одағы арқылы кез келген шет елге шығаруға мүмкіндік алған. Осылайша жетісулықтардың еліміздегі Үкімет тапсырмасына байланысты мал өнімдерін өзімізге ғана емес, алыс-жақын шет елге шығаруды қолға алғаны қуантады. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.