Фото: olympic.kz
Бұл спорт түрінде ел атынан Шыңғыс Ракпаров өнер көрсетіп жатыр. Ол мансабында екінші рет Олимпиада ойындарының іріктеуінен сәтті өтті.
Жарыс аясында алдымен шаңғымен тұғырдан секіру сайысы (қалыпты тұғыр) ұйымдастырылды.
Қысқы Олимпиада: Фристайл-могулдан Павел Колмаков финалға шықты
Ракпаров бұл кезеңде 87,9 ұпай жинады. Гундерсен жүйесіне сәйкес, шаңғы жарысында ол секіруден ең жоғары нәтиже көрсеткен спортшыдан 2 минут 59 секунд айырмашылықпен жарыс жолына шығады.
Бүгінде бұл сынның аралық нәтижеде эстониялық Кристиан Ильвес көш бастап тұр.
Шаңғы қоссайысының екінші кезеңі бүгін өтеді. Жарыс Астана уақытымен 17:15-те басталады.
Айта кетейік, бүгін отандастарымыз фристайл-могул мен биатлонның жекелей жарысында бақ сынайды.