22 Шілде, 2010

ЖАҢА ӘУЕ ЖОЛЫ АШЫЛДЫ

536 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“Қарағанды – Қызылорда – Қарағанды” әуе қатынасы бойын­ша франциялық “Asіa Wіngs” (“Азия Визанг”) авиакомпания­сы­ның АТR-42-300 ұшақтары қа­ты­най бастады. Аталмыш ком­па­ния ҚР Көлік және коммуни­ка­ция ми­нистрлігі Азаматтық авиа­ция ко­митетінің әуе қаты­на­сы бойынша өткізілген конкурс қо­рытын­ды­сын­да осы және басқа да бірқатар ба­ғыттарда жеңімпаз деп танылған. “Қорқыт ата” әуежайы” АҚ ди­ректоры Қайдар Нұрлыбаевтың ай­туынша, Көлік және коммуни­ка­ция министрлігінің нұсқауына сәй­кес Қа­зақстан авиациясы үсті­міз­дегі жыл­дың соңына дейін кеңестік әуе кемелерінен арылып, шетелдік ұшақ­­­тар қызметін пайдалана бастады. Турбовинтті АТR-42-300 әуе ке­месі Еуроодақтың біріккен авиация әкімшілігінің (ЕАSА) бүгінгі қойып отырған талаптарына толығымен жауап береді. Оның ұшар кездегі ең жоғары салмағы 16,9 тонна болса, жыл­дамдығы сағатына 470 шақы­рым­ға тең. Бортына 46-48 жолаушы сыйғызатын ұшақ 7200 метр биік­тік­ке самғайды. Бұл мәліметтер ту­ра­лы айтқан “Asіa Wіngs”  авиаком­па­ния­сы­ның өкілі Владимир Носочев ұшақтар болгарлық “He­mus Aіr” авиа­компаниясынан жалға алын­ғанын жеткізді. Олар жо­лау­шы­лар үшін өте ыңғайлы және ке­ңестік кезеңдегі техникалармен са­лыс­тыр­ғанда екі еседей үнемді. Әзір­ге рейстерді болгарлық эки­паж­дар бас­қаруда. Әйтсе де алдағы уа­қыт­та қазақстандық мамандар да дай­ындалатын болады. Қара­ған­ды­ға дейінгі билет құны 12 мың теңге. Кеншілер қаласы аралы­ғын­да әуе байланысы сейсенбі және жек­сен­бі күндері жүзеге асырылады. Еркін ӘБІЛ, ҚЫЗЫЛОРДА.