22 Шілде, 2010

ЖАС МАМАНДАР — АУЫЛҒА

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еліміздегі “Дипломмен – ауыл­ға” жобасы аясында жас ма­мандар ауылдарға бет бұра бас­та­ды. Осыған сәйкес оларға көтер­ме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу, не салу үшін берілетін несиенің мөлшері, олардың орын­далу тәртібі ағымдағы жыл­дан бастап, жүйелі жүргізіліп келеді. Сыр елінде осы мақсатқа өт­кен жылы 53,6 млн. теңге қаржы бөлініп, оның 44,3 млн. теңгесі игерілген. Егер нақтылай айтар болсақ, Сыр аймағында ауылдық жерлерге жұмыс істеуге барған 487 маманға көтерме жәрдемақы төленіп, олардың қызмет етуіне барынша жағдай жасалған. Ал, ағымдағы жылы Қорқыт ата атын­дағы мемлекеттік универси­тет­ті бітірушілердің 200-і ауыл­дық жерлерге барып, қызмет етуге тілек білдіріп отыр. Бүгінгі күнге осылардың 43-і бос жұмыс орындарына, яғни шалғай елді мекендерге бет бұрды. Жас мамандарды ауылдарға ат­тандырар алдында облыс әкі­мі­нің орынбасары Мұрат Мұхаме­дов­тің төрағалығымен жастарды әлеумет­тік қолдауға арналған мә­жіліс өтіп, онда ауылдық елді ме­кендердің әлеу­меттік сала қыз­мет­керлерін қол­дау және ынта­лан­дыру мәселе­лері бойынша заң актілеріне енгі­зіл­ген өзгерістер мен толықтырулар жайлы жан-жақты әңгіме өрбіді. Еркін ӘБІЛ, Қызылорда облысы.