22 Шілде, 2010

ӘЛЕУМЕТТІК ТҰСАУКЕСЕР

586 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елімізде алғашқы Әлеуметтік жарнама аллеясы ашылды “Жарнама” деген терминді тек коммерциямен, болмаса сауда-саттықты жүргізумен ғана байланыстыруға болмайтындығын бүгінде әлеумет жақсы біледі. Кез келген мәселені еске салуда, насихаттау мен шешімін тарқатуда әлеуметтік жарнамалар өзін-өзі сенімді ақтаған. Батыс елдерінде ол жүз жылдан астам уақыт бойы әлеуметтің әмбебап анықтаушы құралына айналып, қоғамның әлеуметтік түйткілдерін түзетуге қызмет етіп келеді. Осындай жарнамалар арқылы  адамзаттың назарын өзекті мәсе­ле­лерге аударып, үкіметтік емес сек­тор­дың қызметі туралы ақпараттар алып, көкейкесті мәселелерді ше­шуге және  ұзақ мерзімді келе­шек­ке жаңа әлеуметтік құндылықтар құ­руға болатыны баяғыда анық­талған. Қазірдің өзінде елімізде әлеу­мет­тік жарнамалардың үздік үлгі­лерін байқауға болады. Ал оның тамаша өзіндік алаңын құруға үл­кен мүмкіндіктер бар. Мәселен, осындай қолайлы жер Алматыдағы “Столичный” супермаркеті жанын­да­ғы жабық променад-аймақ болып отыр. Осылайша, еліміздегі ең бірін­ші әлеуметтік жарнамалар аллеясы ашылды. – Алматылықтарға белгілі супер­маркет жанынан өтіп бара жа­тып бізге дәл осы жерде әлеуметтік жарнамалар орналастыру туралы ой келді. Идеяны қала­да­ғы Алмалы ауданының әкімдігі қолдады. Жо­баны іске асыру, керек деректерді насихаттау ҮЕҰ, бизнес пен би­лік­тің басын қоса ала­тын азаматтық альянс үлгісіне айнала алады, – дейді Қа­зақстан Жастары Медиа ода­ғының  директоры Светлана Галиева. – Жобаны іске асыру бары­сын­да  қазіргі қоғамды алаңдатқан мә­се­лелерге көңіл бөлінетін бо­ла­ды. Қазіргі таңда елімізде әлеу­мет­тік жар­намалар  лайықты ба­ғаланады әрі оған сұраныс та бар. Және ол жарнамалық кеңістікте бірінші кезекке шығып, комму­никацияның жеке түріне айнала алады. Сон­дықтан да әлеуметтік жарнама мен әлеуметтік PR қа­зіргі қоғамды ізгі­лендіру мен на­ғыз адами құн­ды­лықтарды қалып­тастырудың құра­лына айнала алады, – дейді осы бастаманы қостаған Алматы қала­сындағы Алмалы ауданының әкімі Марат Пірінбеков. Осылайша қаладағы Желтоқсан даңғылы мен Қабанбай батыр кө­ше­сі түйісетін тұстағы үлкен дүкен алаңында Қазақстандағы тұңғыш әлеуметтік жарнамалар аллеясы тұсауын кесті. Алғашқы көрме жуыр­да ғана туған күнін тойлаған елорда құрметіне “Астанадан шын жүрек­тен” деп аталды. Галереяда белгілі фототілші Андрей Пили­пен­ко­ның мерекенің жарқын сәттерін бейне­лейтін үлкен форматтағы пос­тер­лері мен экологияға, денсаулық сақтауға, Алматының тарихына ар­налған тақырыптық көрмелері сап түзеді. Айнаш ЕСАЛИ, АЛМАТЫ.