22 Шілде, 2010

ЖОБА АЯСЫНДАҒЫ ЖОТАЛЫ ЖҰМЫСТАР

613 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Жақында Парламент Мәжілісінің депутаттары Елубай Оразалинов, Аманқос Өтегенов Ақсу қаласының активімен кездесіп, “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Елбасының Жолдауы аясында республикада жүзеге асырылып жатқан игілікті істер жөнінде кеңінен баяндап берді. Кездесуді жүргізген қала әкімі Оразгелді Қайыргелдинов атбасын бұрған депутаттардың миссиясы аса маңызды екенін атап өтті. Елубай Оразалинов бүгінгі таң­да Жолдаудың шеңберінде елімізде атқарылып жатқан игі істерді әңгімелеп берді. Қазіргі уақытта, деді ол, “Жол картасы” бағдарла­ма­сы аясында белгіленген мақсат-міндеттер табандылықпен және нәтижелі іске асырылып жатыр. Кә­сіпкерлікті дамыту үшін “Биз­нестің “Жол картасы-2020” арнайы бағдарламасы жасалып, ол бүгінде ай­тарлықтай жеміс әкелуде. Жалпы, еліміздің индустриялық-иннова­ция­лық даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауқымды жоба­лар қолға алынған. Жуық арада Павлодар облысында Президенттің қатысуымен электролиз зауытының екінші кезегі салтанатты түрде іске қосылды. Сондай-ақ Елбасының Жолдауына сәйкес Ақсу ферро­қо­рыт­па зауытында агломерат цехы­ның алғашқы кезегі пайдалануға берілді. Павлодар облысындағы екінші жоба – жүк вагондарын құрастыратын кәсіпорын. Өткен жылдарда нарықтық экономиканың негіздері қаланып, еліміз тұрақ­тылыққа қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан әлемнің 120-дан астам елімен жоғары дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Бүгінде “Жол картасы” аясында 37 жоба жүзеге асырылды. Жалпы, республика бойынша аталмыш бағдарлама шеңберінде 3 мың 200 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Табиғи қорлардың қалдықтарын өндіріске қайта тиімді пайдалану мәселесін шешу қолға алынды, себе­бі, бұл кезек күттірмейтін проб­лемалардың бірі болып саналады. Содан соң сөз сөйлеген Аман­қос Өтегенов қандай заңдар қа­былданғаны жөнінде айтып берді. Кеден одағының маңызы туралы әңгімеледі. Оның құрылуы және одан әрі бірыңғай экономикалық ке­ңістіктің пайда болуы ұлттық эко­номиканы нығайта түсіп, ха­лық­тың тұрмыс жағдайын жоғары­ла­татыны сөзсіз, деді депутат. “Жер қойнауы мен жер қой­науын пайдалану туралы” Заңның қабылданғаны және “Тұрмыстық қатынастар туралы” Заңға кейбір өзгерістер, қосымшалар енгізілгенін тілге тиек етті. “Фермерлік шаруа қожалықтары туралы” Заң қаралып жатыр. Ол бойынша 633 депутат­тық сұраныс түскен болатын. Бүгінде тиісті жұмыстар жасалды. Мәжіліс депутаттарымен кезде­суді Оразгелді Қайыргелдинов қорытындылап, Ақсу өңіріндегі игілікті істер туралы баяндады. Жаңа қазақ мектебі, емхана, по­лиэтилен құбырларын шығаратын зауыт пайдалануға берілгенін айтты. Сондай-ақ “Жол картасы” бағ­дарламасы аясында биыл қа­лалық кітапханаға, №4 орта мек­теп­ке, қарттар үйіне, мұрағатқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін көлденең тартты. Сәбира САҒЫНАЙ, Павлодар облысы, Ақсу қаласы.