22 Шілде, 2010

СУРЕТШІЛЕР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

535 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Астанада “Нұр Отан” ХДП мен “Электрондық коммерция орталы­­ғы” ЖШС-ның ұйымдастыруымен “Сенің жемқорлыққа қарсылығың өте маңызды!” атты ақпараттық-на­сихаттық акция аясында қазақ­стан­дық суретшілер жұмыстарының көрмесі өтті. Сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған 30-дан астам суреттер мен плакаттар еліміздің түрлі мемлекеттік органдарында эстафета бойынша тапсырылуда. Қазақстанда сыбайлас жемқор­лықпен күрес мемлекеттік саясаттың негізіндегі басымдықтардың бірі болып табылады. Осыған байла­ныс­ты “Нұр Отан” ХДП мен Эконо­ми­калық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жыл басынан бері “Сенің жемқор­лыққа қарсылығың өте маңызды!” ақпараттық-насихаттық акциясын жүргізуде. Аталмыш шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықпен күреске азаматтық қоғамның институттарын тарту, отандастарымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру. 2008 жылғы қарашада “Нұр Отан” ХДП-ның сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы форумында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет алдына тапсырма қойғаны белгілі. Онда Елбасы: “Электрондық Үкіметтің және заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін басқаруда молынан пайдаланған жөн. Құрылып жатқан электрондық Үкіметтің басты міндеті – бұл мемлекеттік қызметтер көрсе­ту кезінде шенеуніктердің азамат­тар­мен жеке қатынасқа түсуін барынша болдырмау”, – деп атап өтті. Мемлекеттік сатып алуды еліміз­дегі сыбайлас жемқорлық деңгейін­дегі басты индикаторлардың бірі деп атауға болады. Осыған байланысты Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бюджеттік қаржыны жұмсаудың мөлдірлік және тиімділік принциптерінде электрондық мем­лекеттік сатып алуға жоспарлы түрде өту бекітілді. Ал “Электрондық коммерция орталығы” ЖШС осы мәселеге бай­ланысты “бір терезе” принципі бой­ын­ша мемлекеттік сатып алуды орта­лықтандыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ЭМС сала­сын­дағы бірыңғай оператор бола оты­рып, “электрондық мемлекеттік сатып алу” автоматтандырылған ақ­па­раттық жүйесін әзірледі және енгізді. Қазіргі кезде Электрондық мем­лекеттік сатып алуды ұйымдастыру е-үкіметінің негізгі қызметтері болып табылады және электрондық мем­лекет жолына ілгерілеу көрсеткіші қызметін атқарады. Өткізілетін конкурс және олардың интернеттегі нәтижелері туралы жеткілікті ақпарат әрбір азамат үшін осы қызмет алаңын ашық етті. Бүгінде электрондық мемлекеттік сатып алу порталында шамамен 70 500 қатысушы, соның ішінде 20 000 артық тапсырыс беруші және 40 000 артық әлеуетті өнім беруші тіркелген. Электрондық сауда алаңында барлығы 2,5 млн.-нан артық лот жарияланды. Баға ұсыныстары сұрату тәсі­лімен ЭМС қорытындылары бой­ын­ша 363 077 лот бойынша 40 млрд.  теңге бюджетте жоспарланған сома­сында 31 млрд. теңге жалпы сомаға шарттар жасалды. Сәйкесінше, жасалған шарттар бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ЭМС бойынша орта жиынтық шартты үнем 9 млрд. теңгені немесе 22,5 пайызды құрады. Қаржы министрлігінің тапсыр­ма­сы бойынша “Электрондық коммер­ция орталығы” ЖШС осы ведом­ство­ның құрылымдық бөлім­шеле­рінде конкурс тәсілімен элек­трондық мемлекеттік сатып алуды өткізу модулін әзірледі және “сер­пінді” тәжірибе ретінде пайда­ланымға енгізді. “Электрондық конкурс” модулі баға ұсыныстарын сұрату әдісімен қатар, Қазақстанда ең көп тара­тылған мемлекеттік сатып алуды енгізу тәсілін қамтуға мүмкіндік береді және жүйе пайдаланушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ бір уақытта электрондық мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінің сәйкес мемлекеттік ор­ган­дардың ақпараттық қорларымен ықпалдасуын жүзеге асырады. Дастан КЕНЖАЛИН.