22 Шілде, 2010

БӘРІ ДЕ ЛАЙЫҚТЫ ЖАЗАЛАРЫН АЛДЫ

440 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 2010 жылдың 7 мамырында аса үлкен көлемде пара алып, қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін сотталған Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы вице-министрі Абылай Сабдалинге қатысты қылмыстық істі 2010 жылдың 2 шілдесінде Астана қ. апелляциялық сот алқасы қарады. Прокурордың апелляциялық наразылығы бойынша сот алқасы қаулысымен үкім өзгертілді. ҚК 312-б., 5-бөлімінде, 307-баптың 3-бөлімінде қарастырылған қылмыс жиынтығы бойынша ҚК 58-бабының 3-бөліміне сәйкес ақырғы жазаны анықтағанда, мемлекеттік қызметте лауазымдық ету құқығынан айыру мерзімі 7 жылдан 5 жылға кемітілді. Сөйтіп, А.Сабдалин сот үкімі­мен 10 жылға бас бостандығынан айы­рылып, жазасын қатаң режім­дегі түзету колониясында өтейтін бол­ды және 5 жыл бойы мем­ле­кет­тік қызметте лауазымдық ету құ­қы­ғынан айырылды. Бірінші сатыдағы сот үкімінің басқа бөлімдері өз­геріссіз қалдырылды, сотталғанның қорғаушысының апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Сондай-ақ, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы бастығы Т.С.Карибеков қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі болып танылды және ҚК 307-бабының 2-бөлімі бой­ын­ша 3 жылға, Т.А.Әлмұхамбетова ҚК 307-бабының 2-бөлімі бойын­ша 3 жылға, Л.Х.Дүйсенбаева ҚК 307-бабының 2-бөлімі бойынша 2 жылға, К.А.Гаркалов ҚК 307-бабының 1-бөлімі бойынша 2 жылға, П.С.Инякин ҚК 307-бабының 2-бөлімі бойынша 2 жылға, Т.Б.Мансұров ҚК 24-б., 3 бөлімі мен 177-баптың 3-бөлімі “б” тармағы бойынша сотталып, 5 жыл­ға бас бостандығынан айрыл­ды. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ. Ал Астана тұрғын үй басқар­ма­сының бұрынғы бастығы Ерікболат Кабелдин қызмет бабын асыра пайдаланғаны, яғни 2008-2009 жыл­дары Астананың жеке тұрғын үй­ле­рін жылытуға дизельді жағар май­ды сатып алуға берілген 85 млн. тең­геден астам қаржы сомасын бюджеттен ұрлағаны үшін кінәлі бо­лып танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы та­ғайындалды. Аталған іске қатысты тағы үш адам қызмет бабын асыра пай­даланғаны мен қылмысқа сы­бай­ластық еткендері үшін әр түрлі мерзімдік жазаға сотталды. Оның бірі К.Тамабаев ҚК 307-б. 2-б. 2 жылға бас бостандығынан айырылса, “Квартирное бюро” АҚ бастығы Е.Түктібаев пен “Қара­ған­ды бақыт мұнай” ЖШС кәсіпкері А.Жаныбаевқа 1 жылдық сынақ ме­рзімімен, ҚК 63-б. қолдана оты­рып 1 жылға шартты түрде бас бос­тан­дығынан айыру жазасы та­ғайындалды, деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі. ЗАҢСЫЗДЫҚТАРҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ Өткен жылы облыстық ішкі істер департаментінің жол поли­ция­сы қызметі жол-көлік қозға­лы­сы ережесін бұзған жүргізушілерден 266 740 477 теңге айыппұл өндір­ген. Облыстық ішкі істер департа­менті жол полициясының жеке құрамы былтыр жол жүру ережесін бұзған 72030 деректі анықтаған. Биыл өткен жылдың осы мер­зі­мі­мен салыстырғанда көлік құралын алкогольдік ішімдік ішіп басқару­дың едәуір төмендегенін де айтуға болады. Десек те, биылғы жылдың 5 айында жүргізушілерге әкімшілік тұр­ғыдан әсер ету шараларын қол­дану нәтижесінде көлік құралын басқару құқығынан 2365 жүргізуші айы­рылса, 161 жүргізуші 10-15 тәу­лік­ке әкімшілік қамауға алынған. Заңсыздықтарға жол бермей, ат­қарылған шаралар барысында жүргізушілерге 266740477 теңге айыппұл салынса, оны өндіру мәселесі де оң шешілген. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.