«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, ортаңғы топтың тәрбиешісі Гүлбахар Кәденованың ерекше қасиеттерінің бірі – ізденіс. Жаңалықтарға жаны құмар ұстаз тек отандық педагогиканың жаңа жетістіктерімен ғана шектеліп қоймай, өзге елдердің де озық тәжірибесін зерделеп, өз жұмысына бейімдеп, шебер пайдаланады. Ол үнемі өз білімін жетілдіріп, көптеген халықаралық, жергілікті семинарларға қатысып келеді. «Мектепке дейінгі тәрбиенің халықаралық бағдарлары», «Монтессориді тану педагогикасы» семинар-тренингтері, «Жаңа стандарт бойынша мектеп алды балаларына білім беру мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері», «Өзін өзі тану» пәнінің құрылымдық, мазмұндық ерекшеліктері», «Балапан» бағдарламасын іске асырудың ғылыми-әдістемелік негіздері», басқа білім жетілдіру семинарлары мен курстарына қатысып, оқып, білгенін, көңілге түйгенін әріптестерімен бөлісіп, жас буынның бойына сіңіріп жүр.
Ұстаз мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға да зор үлес қосып келеді десек, еш артықтығы жоқ. Балабақша бүлдіршіндерінің басым көпшілігі ана тіліне шорқақтау екені ешкімге де құпия емес. Тәжірибелі маманның тәлімі арқасында ұл мен қыз ана тіліміздің қайнар бұлағынан сусындап, әдемі, әрі жатық сөйлеп, тіпті үлкендер күнде қолдана бермейтін тың сөздерді де айтып келетініне ата-аналар дән ризамыз. Отанды сүюді, үлкенді сыйлауды, мақал-мәтелдер, әндер, өлеңдер үйретіп, бойларына небір жақсы ізгі қасиеттерді егуде.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бастауыш білім педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сыныптар мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған Гүлбахар Кәденова ширек ғасыр бойына өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәрбиелеуден еш жалыққан емес. Ол өзін өзі жетілдіріп отыру, кәсіби және мәдени деңгейін арттыру тобындағы сәбилердің жекелеген қасиеттерін қадірлеу, оларға деген әділдік пен құрмет, өз жұмысына шығармашылықпен қарау сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді. Ата-аналармен бірлесе отырып, тәрбие бөлмесін ерекше эстетикалық тұрғыда жабдықтауда да жақсы шешімін тапқан. Гүлбахар Сасықбайқызы «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа өнеге» – ортаңғы топқа бейімделген бағдарламаны, «Балаларды инабаттылыққа тәрбиелеу» – ересектер тобына бағытталған жобаны және «Балаларға экологиялық тәрбие беру» тақырыбындағы ересектер үшін жоспарды әзірлеп, осы жұмысында өзі ғана шебер қолданып қоймай, әріптестерімен де бөлісіп келеді.
Гүлбахар Кәденованың еңбегі, кәсіби жоғары біліктілігі мен білімі басшылық тарапынан ескеріліп, бірталай марапаттарға да ие болды.
Міне, осындай қарапайым қатардағы ұстаздың атқарып отырған зор еңбегі көлеңкеде қалып қоймай, көпке танылып, жастарға өнеге болса екен деген ниетпен, ата-аналар балаларымыздың сүйікті тәрбиешісі Гүлбахар Кәденова туралы көпшілікпен ой бөлісуді жөн көрдік. Қолға қалам алғандағы мақсатым да осындай өз ісіне шын берілген, табиғатынан ұстаз жандар көп болса, өскелең ұрпақ тәрбиесі жалпы халықты алаңдатпас еді деген ата-ана ілтипатын ортаға салу болатын.
Сәуле ҚАЛИЛАМБЕКОВА,
ата-ана.
АЛМАТЫ.

Қыста автокөлікті қыздыруға қатысты шектеулер қайта қаралады
Қоғам • Бүгін, 15:00
Қазақстанда әр соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден төленеді
Қоғам • Бүгін, 14:51
Президент: Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел
Президент • Бүгін, 14:11
Нұрай Серікбай ісі: Тергеу жақын арада аяқталады
Қылмыс • Бүгін, 14:03
Үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» шені берілуі мүмкін
Президент • Бүгін, 13:45
Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлем елдерінің қазақ армиясына деген сенімі жоғары
Президент • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы: Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етеміз
Президент • Бүгін, 13:29
Шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды?
Парламент • Бүгін, 12:04
Депутат: Автомектептердегі заңсыз жиналатын 5,6 млрд теңге кімнің қалтасына түсіп жатыр?
Парламент • Бүгін, 11:43
Жүргізушілерді даярлаудағы жаңа модель: Енді автомектептерге қандай талап қойылады?
Қоғам • Бүгін, 11:40
Енді жедел жәрдем мен автобустар жол ережесін бұзғандарды тіркейді
Заң • Бүгін, 11:20