02 Сәуір, 2015

Мониторинг жүргізудің аралық қорытындылары

411 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мониторинг 53 республикалық баспа басылымын, 16 республикалық телеарнаны, 179 өңірлік баспа басылымын, 29 өңірлік телеарнаны, сондай-ақ, 7 ақпарат агенттігі мен 117 неғұрлым танымал қоғамдық-саяси интернет-ресурсты қамтиды. Әлеуметтік желілерде мониторинг 200-ден астам қоғамдастық пен қоғамдық пікір жетекшілерінің 250 бетін, Youtube бейнепорталындағы 30 пайдаланушы арналарды, Twitterдегі өзекті хештегтер лен­та­сындағы жаңартуларды қамтыды. 2015 жылғы 25 ақпаннан 25 наурызға дейінгі кезеңде рес­пуб­ликалық және өңірлік БАҚ-тар сайлау тақырыбы жөнінде 10 990 материал жариялады. Республикалық телеарналарда эфирге 1473 сюжет (21%), газеттерде 731 мақала (10%), ал интернет-ресурстарда 4850 жарияланым (69%) орналастырылды. Өңірлік БАҚ-тарда, жалпы алғанда, сайлауға байланысты 3936 материал жарияланды. Олардың ішінде 1582 сюжет (40%) телеарналар эфиріне шықты, 1637 (42%) баспа басылымдарында жарияланды және 717 (18%) материал интернет-ресурстарда орналастырылды. Ақпараттық белсенділік тұ­рақты болды, бұл тұрақты өзекті ақ­па­раттық себептердің болуымен тү­сіндіріледі. Күткендей, БАҚ-тар сайлау­ды тағайындау үдерісін жария ету­ге, Ортсайлаукомның сайлау нау­қа­нының негізгі кезеңдерін өткізу мерзімдерінің күнтізбелік жоспарын бекітуіне, сондай-ақ, кандидат­тарды ұсынудың басталуына аса назар бөлді. Бұл тақырыптарға 1200-ге жуық   жарияланған материалдар ар­налған. Бұқаралық ақпарат құралдары Лингвистикалық комиссияның қызметіне және ұсынылған үміт­керлердің президенттікке канди­даттарға қойылатын Конституция мен сайлау туралы заңның талаптарына сәйкестігін анықтау үдерісіне белсенді қызығушылық танытты. Сондай-ақ, 1200-ден астам материал сайлау науқанының бұл кезеңін жария етті. Олардың үштен бірінен астамы өңірлік БАҚ-тарда жарияланғанын атап өту маңызды. Кандидаттарды қолдап қол жинау рәсіміне, олардың растығын тексеру және ұсыну қорытындыларына қазақстандық масс-медиа, жалпы алғанда, 800-ден сәл жоғары материал арнап, аз қызығушылық танытты. Бұл ретте олардың жартысынан көбі интернет-ресурстарда орналастырылған. Президенттікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары, сайлау­алды үгітті жүргізу тәртібі мен шарттары туралы БАҚ-тар 400-ге жуық жарияланған материалдарда баяндады. Алайда, қазақстандық БАҚ-тарда жария етілген алдағы сайлауға байланысты тақырыптардың шең­бері анағұрлым кең болды. Әсіресе, бұл интернет-кеңістікке қатысты. Жалпы, сайлау тағайындалған кезден бастап бұқаралық ақпарат құралдары оны жария ету үдерісіне белсенді кірісті деп тұжырымдауға болады. Осылайша, сайлаушыларға сайлау науқанын жүргізу мерзімдері, ке­зеңдері және барысы туралы толық, рас және объективті ақпа­рат­қа қол жеткізу мүмкіндігі беріліп отыр. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».