Бұдан бес жарым ғасыр бұрын шаңырақ көтерген Қазақ хандығы бүгінде алып елге айналды. Мемлекеттің қалыптасуы – бұл барынша ұзақ әрі тым күрделі процесс. Өйткені, талай тар жол, тайғақ кешулерден өткен Ұлы көш әрқилы жымысқы саясаттың ықпалында қалып қойғандықтан, төл тарихымызды тереңінен тани алмай келдік. Ал тарих – халқымыздың өткен өмірі, ата-бабаларымыздың өмір жолы. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Демек, бүтін бір елдің рухымен қалыптасқан тарихты ешқашан өшіруге болмайды.
Қазақ хандығына – 550 жыл! Өткен жылғы Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиын төрінен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Далада күллі Еуразия құрлығын уысында ұстаған алып мемлекеттер болған. Алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген. Бүгінгі Қазақстан – сол бабалардың заңды мұрагері. ...Ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздегі маңызды датаны – Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өтетін боламыз», деген еді.
Тарих – тағылым. Сондықтан, мемлекеттілігіміздің қалыптасуы кезеңіндегі хандарымыздың дәуірін, сол тұстағы жыраулар мен абыздарды, билер мен батырларды бар болмысымен ұрпақ санасына сіңіру керек.
Уағында: «Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз», деп толғаған Қазыбек би бабамыз секілді қазақ халқының қадір-қасиетін, ұлттық сипатын дөп басып бейнелеген ешкім болмаған шығар, сірә.
Алаш баласы арғы-бергі тағдырында талай бұралаң-бұралаң белестерден өтіп, бостандыққа жетіп, жер бетінен Қазақ атын жоғалтпай, Мәңгілік Ел болуға, баянды болашаққа бетбұрыс жасап келеді.
Тәуелсіздік пен теңдіктің, ынтымақ пен бірліктің белгісі – Қазақ елінің төл мерекесін тұңғыш рет мемлекеттік деңгейде атап, ұлттық қадір-қасиетіміз бен ақ жолымызды ұлықтау – Алты Алаштың рухын көтереді деп сенеміз! «Мәңгілік Елдің» қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. Себебі, Мәңгілік Ел мұратына жету ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының көрінісі арқылы жүзеге асатындықтан да Елбасының халықтың үш буынына үн қатуы кешегі тарих қойнауындағы бабалар үнін тағы да жаңғыртқандай әсер қалдырады.
Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға бағытталып отыр.
Осылай ұлт өмірінің һәм жарқын белестерін бейнелейтін, еліміздің ұлы тойы – Қазақ елінде тұратын барша халықтың тойы! Мұны бірлесе мерекелеуге міндеттіміз.
Ұлт татулығы – игіліктің кепілі. Тұтасқан жұдырықтай мығым болуымыз керек. Бірлігі тайған елге бақ құтаймайды. Берекенің бастауы елдің ынтымағы екеніне де Тәуелсіздігіміздің ғасырға бергісіз алғашқы белесінде куә болып отырмыз.
Жаңадан құрылып отырған «Мәңгілік Ел» қоры ұлттығымызды ұлықтауға, бабаларымыздан мирас болған мұраны қадірлеуге, қастерлеуге жетелейді деген ойдамыз.
Мерейлі мемлекетіміздің мерейтойы іскер азаматтар, меценаттар, демеушілер тарапынан да жан-жақты қолдау табуы тиіс.
Сауапты іске үлес қосқан әр азаматқа Алланың нұры жаусын!
Әбіш КЕКІЛБАЕВ,
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
Қазақстанның Еңбек Ері.
АСТАНА.

Қыста автокөлікті қыздыруға қатысты шектеулер қайта қаралады
Қоғам • Бүгін, 15:00
Қазақстанда әр соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден төленеді
Қоғам • Бүгін, 14:51
Президент: Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел
Президент • Бүгін, 14:11
Нұрай Серікбай ісі: Тергеу жақын арада аяқталады
Қылмыс • Бүгін, 14:03
Үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» шені берілуі мүмкін
Президент • Бүгін, 13:45
Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлем елдерінің қазақ армиясына деген сенімі жоғары
Президент • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы: Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етеміз
Президент • Бүгін, 13:29
Шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды?
Парламент • Бүгін, 12:04
Депутат: Автомектептердегі заңсыз жиналатын 5,6 млрд теңге кімнің қалтасына түсіп жатыр?
Парламент • Бүгін, 11:43
Жүргізушілерді даярлаудағы жаңа модель: Енді автомектептерге қандай талап қойылады?
Қоғам • Бүгін, 11:40
Енді жедел жәрдем мен автобустар жол ережесін бұзғандарды тіркейді
Заң • Бүгін, 11:20