АСТАНА. 2 сәуір. Елбасы Батыс Қазақстан облысына сапары барысында «Орал «Зенит» зауыты» акционерлік қоғамында болды. Мемлекет басшысы ол жерде катерлер мен кемелердің макеттері қойылған көрмені аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сүйеніп egemen.kz хабарлады.
Зауытқа келген Нұрсұлтан Назарбаев еңбек ұжымымен кездесті. Мемлекет басшысы кеме жасау отандық экономикадағы жаңа сала екенін, оның шығаратын өніміне нарықта сұраныс барын айтты. Қазақстан Президенті индустриялық-инновациялық даму осындай кәсіпорындарға арқа сүйейтініне назар аударды.
Әңгіме барысында зауыт жұмысшылары елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларға қолдау білдіре отырып, өз табыстары туралы баяндады.
Кәсіпорын арнаулы техника, мұнай-газ саласы үшін жабдықталған катер және кемелер сияқты өнімдер шығарады. Зауыт технологиялық үдерістердің кең ауқымын қажет ететін конструкциясы күрделі әрі қиын бұйымдар жасауға бағытталған.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: inform.kz.

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше