02 Сәуір, 2015

Қытай бастамашы болған жаңа банкке 52 ел қосылатын болды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-04-АІІВАЛМАТЫ. 2 сәуір. Дүниежүзінің 52 мемлекеті Азиядағы инфрақұрылымдық инвестиция банкіне (AIIB) құрылтайшы болып кіруге өтініш білдірді. Бұл туралы қытайлық Sohu жаңалықтар порталының дерегіне сүйеніп, ТАСС агенттігі хабарлады. Кешеге дейін банкке құрылтайшы болуға 31 мемлекет өтініш түсірсе, сәуірдің 15-не дейін тағы да 20 мемлекеттің өтініш қаралатын болады. Олардың арасында Франция, Италия, Австрия, Ресей,Түркия, Австралия, Корея Республикасы, Нидерланды, Бразилия, Грузия, Дания, Египет, Қырғызстан, Швеция, Финляндия, Норвегия, Исландия, Испания, Португалия және Израиль мемлекеттері бар. Ең қызығы, ондай өтініш Тайваньнан да түскен. Банк 2014 жылы Қытайдың бастамасымен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы (АТА) инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мақсатымен құрылған. Қаржылық институттың жарғылық капиталы – 100 миллиард, ал алғашқы акционерлік капиталы 50 миллиард АҚШ долларына тең. Банктің штаб-пәтері осы жылдың соңына дейін Бейжиңге жайғасады. Талғат Сүйінбай. Дерек:ТАСС. Сурет: AP.org.