02 Сәуір, 2015

Сүйінбай ақынның 200 жылдығына орай мәдени шаралар басталды

651 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC07061АЛМАТЫ. 2 сәуір. Алдаспан жырдың алыбы Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл толуына орай Қазақстан жазушылар одағында «Сүйінбай – түркі дүниесінің рухани қазынасы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Бұл туралы еgemen.kz тілшісі хабарлады. Ақынның мерейтойын лайықты атап өту мақсатында Алматы облыстық бюджетінен 7 миллион теңге қаражат бөлінген. Жамбыл ауданының Қарақыстақ ауылындағы Сүйінбайдың кесенесін қайта қалпына келтіру үшін облыстық бюджеттен қосымша 16 миллион 500 мың теңге бөлу қарастырылуда. Салтанатты жиын барасында ол туралы ауданның әкімі Жандарбек Далабаев мәлім етті. Салтанатты жиын алдында келушілер ақынның музейінен әкелінген жәдігерлерді тамашалады. Кеш барысында күй ойнап, ән айтылды, жыр оқылды. Залды толтырған келуші қауым риза болып қайтты. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: еgemen.kz. DSC07057