02 Сәуір, 2015

Ел шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған екі азамат қолға түсті

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02.04.2015-PogranАСТАНА. 2 сәуір. «Қақпақ» заставасының шекарашылары наряд барысында Өзбекстаннан Қазақстанға заңсыз өтпек болған екі азаматты құрықтады. Бұл туралы newtaimes.kz хабарлады. Шекарашылар айналаны барлау барысында екі жігітті көріп, оларға жақындаған сәтте күдіктілер қаша жөнелген. Қырағы сарбаздар бірін тез қолға түсірсе, екіншісі суық қарумен оларға қарсылық танытқан. Дегенмен, аға сержант Н.Айдаров жекпе-жек тәсілін қолдану арқылы күдіктіні құрықтаған. Қолға түскен азаматтардың ағайынды екені анықталды. Бірі 30 жастағы Қазақстанның азаматы болса, екіншісі 35 жастағы Өзбекстан елінің тумасы. Тексеру барысында олардың бұрын ұрлық пен заңсыз қару сақтағаны үшін сотты болғаны белгілі болды. Айта кетейік, күдіктілердің үстінен Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болғаны және қолға түсіру барысында шекарашыларға қарсылық көрсеткені үшін қылмыстық іс қозғалады. Ал «Қақпақ» заставасының қырағылық танытқан құрамы марапатқа ұсынылды. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: newtaimes.kz.