03 Сәуір, 2015

Қырғыздар «Даңқ сәтінде» қазыларды таң қалдырды (видео)

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03-04-15-safin_kramer-1

АСТАНА. 3 сәуір. Швейцарияда өткен «Die grössten Schweizer Talente» танымал жобасында өнер көрсеткен қырғызстандық иллюзионистер Радислав Сафин мен Ольга Крамер өздерінің зор шеберліктерімен қазылар алқасын естерінен тандырды. Бұл туралы KNews хабарлады. Қырғызстан порталы аталмыш турнирдің «Даңқ сәті» («Минута славы») атты әйгілі тележобаның швейцариялық версиясы екенін мәлімдейді. Алатоо баурайынан барған сиқыршылар сахнада «Silk road» («Жібек жолы») деп аталатын нөмірмен өнер көрсеткен. Онда Орталық Азия халықтарының жейделері мен қамзолдары ұсынылады. Соның бәрін Ольга санаулы секундтардың ішінде ауыстырып үлгеріп, қап ішінен көрермен алдына шығып тұрған. Радиславтың айтуынша, олар пайдаланған барлық кәстөмдер қолдап тігілген және аймақтағы халықтардың мәдениеті мен дәстүрінен сыр шертеді. Қырғызстандық сиқыршыларға қазылар алқасының мүшелері түгелдей ойланбастан «Иә» деп үн қосты. Бұл енді олардың тележобаның келесі кезеңіне қатысуларына құқық беріп отыр. Мұрат Айтқожа. Мәнбе: Knews. Фото: www.vb.kg. https://youtu.be/jQjjsHlN26U