Еліміздің еңсесін көтерген, көркіне көз тоймайтын елордамыз – Астана қаласы қазақстан-дықтардың басты мақтанышына айналды. Сондықтан мұндағы қауіпсіздік ең басты мәселе болып табылады. Осыған орай елордалықтар мен күнделікті келетін қонақтардың алаңсыз тыныштығы мен бейбіт қауіпсіздігін сақтау, олардың құқын қорғау – елордалық полиция қызметкерлерінің басты міндеті. Міне, осыған сай 2015 жыл полиция қызметкерлері үшін «Халық сенімі – полиция күші» ұранымен өтуде. Жыл басталғаннан бері жоғарыдағы міндеттермен қатар аталмыш акция шеңберінде қайырымдылық шаралары, соның ішінде балалар үйіне қамқорлық жасау да назарға алынды.
Бұл орайда кешегі 8 наурыз мерекесінде ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік-медициналық мекемесінің 160 ару аналарын құттықтады. Жылы лебіздермен қатар, гүл шоқтары мен сыйлықтар жылы көңіл-күй сыйлап, жүздеріне күлкі ұялатты. Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылған бұл іс-шара әйелдер үшін ерекше жарқын сәттердің бірі болды. Көп жасаған 102 жастағы Марфуға Хамитқызы Исенова және 100 жастағы Анна Лазарева алғыстарын білдірді.
Қарттар және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде Ұлы Отан соғысының әйел-ардагерлері де тұрып жатыр. Денсаулықтарына байланысты мерекелік іс-шараға қатыса алмағандықтан ІІД бастығы Амантай Әубәкіров олардың палаталарын аралап, мерекемен құттықтады, гүл шоғын және сыйлықтарын табыстады. Ұлы Отан соғысына қатысқан әйел-ардагерлердің әрқайсысының өмірінің айтарлықтай жарқын сәттері бар. Бір бөлке нан және бір кило кәмпит – осындай жүкпен 18 жастағы Анна Васильевна Павлова соғысқа аттанған. Ұшақтарға отын жеткізуге жауапты болып, яғни аэродромда 466 батальонда қызмет еткен. Донск, Сталинград, Орталық, Белорус майдандары, Польша және Германия арқылы өткен. Анна Васильевна өз қолымен Рейхстагтың қабырғасына қол қойған. Соғыс аяқталысымен КСРО-ның көптеген жерлерінде жұмыс істеп, кейіннен тың игеруге келген.
Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған медициналық-әлеуметтік меке-месі тұрғындарының айтуы бойынша, бүгінгі полиция қызметкерлері ұйымдастырған мереке оларды ерекше қуантты, оларға арнайы концерт ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлерінің қатарынан құрылған «Жігер» ұлт-аспаптар ансамблінің музыкалық нөмірлері, жол-патрульдік полициясы полкінің хоры мен вокалдық нөмірлері әжелерді ерекше қуантты. Астана қаласы елордалық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің айтуынша, бұл полиция қызметкерлері жоспарлаған бірінші және соңғы шара емес. Полиция қызметкерлері үшін әлі алда талай жауапты да сындарлы шаралар тұр. Солардың бәрін талапқа сай орындау – елордалық полиция міндеті.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Қазақстанда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» құрылады
Президент • Бүгін, 14:58
Мемлекет басшысы «Алтын виза» иегерлеріне берілетін жаңа жеңілдіктер туралы айтты
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:49
«Не боламыз, не бордай тозамыз»: Тоқаев цифрландыруға салғырт қарауға болмайтынын ескертті
Президент • Бүгін, 14:36
Қазақстан криптохабқа айнала ма? Президент Үкімет пен Ұлттық банкке шұғыл тапсырма берді
Президент • Бүгін, 14:31
Тоқаев: Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ
Президент • Бүгін, 14:25
Цифрлық экономика ІЖӨ-ге қалай әсер етеді? Президент ұсыныстар енгізуді тапсырды
Президент • Бүгін, 14:18
Президенттің төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті
Президент • Бүгін, 14:02
Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?
Өшпес даңқ • Бүгін, 13:55
Ақтөбе облысында көпқабатты үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Комадағы науқастарға әлеуметтік көмек рәсімі жеңілдетіледі
Медицина • Бүгін, 13:27
Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 10,6%-ға дейін баяулады
Инфляция • Бүгін, 13:15
Эпидемиологтар қызылшаның таралуына не әсер еткенін түсіндірді
Медицина • Бүгін, 13:05
Павлодарда 2 000-нан астам қызметкердің жеке дерегі интернетте таралып кеткен
Оқиға • Бүгін, 12:48
Алдағы күндері елімізде 36 градус аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 12:42
Бадминтон Федерациясы ЖИ негізіндегі цифрлық рейтинг жүйесін іске қосты
Спорт • Бүгін, 12:37