Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа 180-нен астам әскери қызметші қыз-келіншектер қатысады
Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметші қыз-келіншектері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында өтетін әскери парадқа ерекше көрік береді. Жалпы саны 186 парадқа қатысушы қыз-келіншек іріктеліп алынды.
Олардың ішінде 32 әскери қызметші санитарлық нұсқаушы үлгісінде киініп, парадтың ҰОС кезеңіндегі тарихи бөліміндегі рота құрамында болса, ал қалған 154 әскери қызметші парадтың қазіргі заманғы бөлімінде алаңда қазақстандық әскери жоғары оқу орындарының курсанттарынан кейін жеке жаяу саппен адымдайтын болады.
Әскери қыз-келіншектер Қазақстанның төрт өңірлік қолбасшылығынан, Қарулы Күштердің барлық түрлері мен әскер тектерінің әскери бөлімдерінен, сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратынан жиналды.
Осы уақытқа дейін олар жеке-жеке жаттықты. Одан кейін жергілікті жерлерде саптық жарғыға сәйкес сап құрамында бірыңғай қарқын мен ырғақты, сап түзулігін сақтай отырып, жинақы және серпінді адымдауға дайындалды. Қазір қыз-келіншектер құрамы бір лекте бірлескен жаттығуға кірісуге дайын.
«Егемен-ақпарат».

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше