Кеше Астанада «Нұр Отан» партиясының белсендісі, Мәжіліс депутаты Надежда Петухованың басшылығымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өмір сүру жағдайын қайта зерттеу нәтижелері бойынша «Ұлт денсаулығы» сараптамалық тобының селекторлық байланыс режіміндегі кеңесі өтті.
Отырыс жұмысына Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттары, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің басшылығы, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыста Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өмір сүру жағдайы бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағынан оларды әлеуметтік қорғау шаралары талқыланды.
Партиялық куратор Надежда Петухованың айтуынша, «Өткен жылы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында 5,4 мың Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өмір сүру жағдайы зерттеліп, нәтижелері бойынша партия тарапынан 10 мыңнан астам проблемалық мәселе бақылауға алынды».
Аталған жұмыс жалғасуда және қайта жүргізілген 5 мың ардагердің өмір сүру жағдайын зерттеудің нәтижелері бойынша көбінесе медициналық қамтамасыз етуге қатысты 5,6 мың мәселе партия бақылауына алынды.
Осы мәселелерді шешу мақсатында «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, ардагерлерді үйлерінде диспансерлік қарау, стоматологиялық медициналық көмек, стационарлық емдеу, медициналық-әлеуметтік қызмет жасау, дәрі-дәрмекпен, жедел жәрдемнің электронды белгі бергішпен қамтамасыз ету шаралары кіретін жүйелі жұмыс ұйымдастырды.
Сонымен қатар, тұрақты көмек көрсету мақсатында әрбір ардагерге бастауыш партиялық ұйымдар және «Жас Отан» жастар қанаты қатарынан еріктілер бекітілген.
«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамы Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев: «Отандық денсаулық сақтау саласын дамыту үшін елімізде аз нәрсе жасалып жатқан жоқ. Соғыс ардагерлерінің медициналық қамтамасыз етілуіне, соның ішінде Жеңіс мерейтойына дайындық барысында жүзеге асып жатқан қосымша шаралар үшін ерекше алғыс білдіреміз», деді.
Кеңес нәтижесі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға Ұлы Отан соғысы ардагерлерін медициналық қамтамасыз ету сапасын одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар жолданатын болады.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан».

Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды
Теннис • Бүгін, 21:33
Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Бүгін, 19:01
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 18:48
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30