03 Сәуір, 2015

Вьетнамдағы ғылыми-практикалық конференция

339 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
03-04-2015-kazvet 01Ханой қаласында Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы елшілігі Вьетнам Әлеуметтік ғылымдар академиясымен бірлесіп «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді. Іс-шараға Вьетнам Сыртқы істер министрлігінің, Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері, Вьетнамның түрлі даму институттарының жетекшілері, ТМД елдерінің және Еу­ропаның даму мәселелерін зерттей­тін вьетнамдық ғылыми зиялы қауым мен сарапшылар қоғам­дастығының өкілдері шақырылды. Қазақстан елшісі Бекетжан Жұмаханов конференция қаты­су­шыларын еліміздің саяси жә­не әлеуметтік-экономикалық сала­лардағы негізгі жетістіктерімен таныстырды. Елші өз сөзінде Ел­басының «Нұрлы Жол – бола­шаққа  бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауына ерекше тоқталып, күрделі жаһандық геосаяси ахуалмен, қаржы-экономикалық дағдарыс салдарымен байланысты жаңа қауіп-қатерлерді тиімді еңсеруге бағытталған Қазақстанның басым бағыттарын атап өтті. Дипломат баяндамаларында Қазақстан басшылығының маңызды сыртқы саяси бастамалары мен еліміздің халықаралық сахнадағы белсенділігі, Қазақстанның өңірлік және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, соның ішінде ядролық қарусыздану мен таратпау саласына қосқан үлесі туралы мәлімет берді. Конференция аясында Қа­зақстан-Вьетнам қатынастарын сау­да-экономикалық және инвес­ти­циялық салаларда кеңінен дамыту мүмкіндіктері туралы ақпа­рат пен бейнероликтер ұсы­ныл­ды. Вьетнам сарапшылар қауым­дастығына «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жүзеге асыру аясында бизнес үшін ашылатын мүмкіндіктер, атап айт­қанда, Қазақстанның көліктік, ин­дус­­триялық және энергетикалық инфра­­құрылымдарын дамыту стра­тегия­лық жоспарын іске асыру, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесін да­йындау және оны өт­кізуге қатысу жөнінде хабар­ланды. Конференцияны қорытындылай келе, ВСР Әлеуметтік ғылымдар академиясының вице-президенті профессор Нгуен Куанг Туан Қазақстанның қазіргі таңдағы жетістіктерін жоғары бағалап, Қа­зақ­стандағы тұрақтылықтың маңызды­лығын және Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауының уақыттылығын атап өтті. Еуропалық зертеулер институтының директоры профессор Нгуен Ан Ха елдеріміз арасындағы екіжақты байланыстарды жандандыру мен сауда-экономикалық қатынастарды саяси ынтымақтастық деңгейіне жеткізу қажеттілігін атап өтті. Сонымен бірге, конференцияға қатысушылар Елбасы Жолдауының өзектілігіне назар аудара отырып, осы құжатта баяндалған әртүрлі салаларды дамытудың перспективаларын және экономикалық тиімділігін жоғары бағалады. Конференция барысында қаты­сушыларға Елбасының вьетнам тілінде шыққан «Нұрлы Жол – болашаққа бас­тар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы, экономика және ЭКСПО-2017 көрмесі туралы бейнероликтер, сондай-ақ, Қазақстан туралы түрлі имидждік үлестірме материалдары таратылды. «Егемен-ақпарат».