Кездесу барысында кандидат Сыздықов өзінің сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды. Алдымен, ол Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының қызметі ғылыми социализм идеялары, маркстік-лениндік ілім мен прогрессивті қоғамдық ойларға негізделіп құрылғанын атап өтті.
«Біз қоғамдық дамудың біртұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизмнің ғылыми және идеологиялық негіздеріне сүйеніп қызмет атқарамыз. Марксизм – коммунистер үшін қоршаған әлемнің өзгеруімен бірге үнемі дамып отыратын, қоғамның дамуындағы қордаланған және жаңа деректерді ой елегінен өткізетін шығармашылық ғылым. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін марксизм-ленинизмді және Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының бағдарламалық шарттары мен оның қызметін насихаттау қажет», делінген Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.
Сонымен қатар, Т.Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының тағы бір қағидаты – батыс мәдениетінің теріс ықпалы жайында мәселе көтерді. «Руханилықтың мәнін түсіретін батыс құндылықтары мақсатты түрде астамшыл тұтынушылық сана қалыптастыруда», – деп атап өтті өз сөзінде ол. Президенттікке кандидаттың пікірінше, адамның психикасы мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін ақпараттық ықпалдар бар. «Мысалы, жай ғана компьютерлік ойыншықтардың өзі психика мен денсаулыққа кері әсерін тигізеді», деді Т.Сыздықов.
«Еуропа елдерінде тұтынушылық қоғам құрылымдарының қалыптасуынан туындағын батыстық мәдениет дағдарысы батыстық өркениеттің әмбебап құндылықтар мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілік нормаларына деген наразылықтарына қарама-қайшы келуде», – делінген кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында.
Сондай-ақ, кездесу барысында ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің бірінші хатшысы Алпысбай Әлімбаев жиналған жұртты аймақтық сайлауалды штабтың жұмысымен таныстырды. «Біздің штаб кандидатты қолдау бойынша қажетті ақпараттық және үгіт жұмыстарын жүргізуде. Біздің штабта 5 сенім білдірілген адам бар, олар насихат материалдарын тарату және халықпен кездесуді ұйымдастыру жұмыстарын атқаруда», – деді ол.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.

Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды
Теннис • Бүгін, 21:33
Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Бүгін, 19:01
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 18:48
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30