Президенттікке кандидат Әбілғазы Құсайынов Қостанай қаласында «Қостанай су» коммуналдық кәсіпорнының ұжымымен кездесті. Өз сөзінде ол жиналғандарды сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Ә.Құсайыновтың айтуынша, әлемнің түрлі елдеріндегі экономиканы қарқынды дамыту жұмыстары қоршаған табиғи ортаның мүмкіндіктері мен ол көтере алатын шектеулі шаруашылық салмақты ескермей жүргізіліп жатыр.
Табиғат ресурстарын тиімсіз пайдалану, табиғи ортаның қалдықтармен ластануы, гендік қор мен биологиялық әртүрліліктің азып-тозуы қоршаған орта мен адам мекендеген айналаның құлдырауына алып келеді.
Адамның өнеркәсіптік жұмыстарының салдарынан озон қабатының бұзылуы, әлемдік мұхиттардың ластануы, жер мен оның құнарлы қабатының жұтаңдануы, биологиялық әртүрліліктің азуы сынды мәселелері өзекті болып отыр.
Атмосфераның шаң-тозаң және газды қалдықтармен ластануы үлкен алаңдаушылық тудырады. Олар минералды отын мен биомассаның өртенуіне, сондай-ақ, тау-кен, құрылыс пен басқа да жерде жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ауаға таралуда.
Адам орны толмайтын табиғи ресурстарды шексіз тұтына отырып, қалпына келтіруге болатын қорлардың қайта толысуына кедергі жасауда. «Табиғи ресурстардың қайта қалпына келмейтінін естен шығармаған жөн», деп атап өтті Ә.Құсайынов осы орайда.
Президенттікке кандидаттың айтуынша, адамзат жыл сайын өнеркәсіптік өндіріс көлемін өсіріп, соның салдарынан игерілмеген табиғаттың тынысы мүлдем тарылып бара жатыр. Әдетте, өндіріс кезінде осы жерлерде өмір сүретін халықтың мүддесімен қатар, онда өсетін бірегей өсімдіктер мен сирек кездесетін аңдардың қауіпсіздігі ескерілмей жатады.
Бүгінде адам өз қолымен өзінің өмір сүретін кеңістігін шектеуде. Оған қоса, Ә.Құсайынов экологиялық білімнің маңыздылығына тоқталды.
«Жалпы білім беретін мектептерде міндетті пән енгізе отырып, экология мен оның қауіпсіздігі туралы түсінік қалыптастыру, сонымен қатар, тұрақты экологиялық-ағартушылық жұмыстар жүргізу экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы білім берудің маңызды қадамдары болып табылады», деп атап өтті Ә.Құсайынов.
Сонымен қатар, «Қостанай су» ұжымының алдында Ә.Құсайыновтың аймақтық сайлауалды штабының жетекшісі Бауыржан Тибеев сөз сөйледі.
Бауыржан Айдаболұлының айтуынша, адам әлемдік экожүйенің бір бөлігі екенін есінен шығармауы тиіс. Ғаламшардың жарқын болашағы әр адамның табиғи ресурстар мен жануарлар әлеміне деген саналы әрекетіне тәуелді.
Әлемдік экожүйенің бір бөлшегі ретінде Қазақстан да қоршаған ортаның ластануынан туындаған проблемаларды сезініп отыр. Сондықтан өскелең ұрпақ арасында табиғатты аялауға үндейтін насихат жұмыстарын күшейту керек.
Сондай-ақ, Б.Тибеев атап өткендей, аймақта сайлауалды штаб қызу жұмысқа кірісті, үгіт-насихат жұмыстарымен айналысатын сенім білдірілген адамдар белгіленді.
Штаб жетекшісінің айтуынша, алдағы уақытта үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізіліп, бірқатар іс-шаралар өткізіледі, кәсіпорындардың жұмысшы ұжымдарымен кездесу өткізу жоспарланған.
Б.Тибеев штаб кеңсесі журналистер мен байқаушылар үшін әркез ашық екенін атап көрсетті. «Үгіт материалдары бар, кандидаттың сайлауалды штабының мүшелері қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізуге әзір», – деді ол.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.

Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды
Теннис • Бүгін, 21:33
Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Бүгін, 19:01
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 18:48
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30