АСТАНА. 3 сәуір. Футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында өткен Черногория мен Ресей арасындағы ойынның аяқсыз қалғаны белгілі. Жанкүйерлердің жаппай тәртіпсіздігіне байланысты 66-минутта тоқтаған матчтың мәселесін УЕФА 8 сәуірде қарайтын болды. Бұл туралы uefa.com хабарлады.
Негізі УЕФА аталған іс бойынша тергеу жұмыстарын 30 наурызда бастап кетті. Футбол мамандары ойынның тоқтатылуына екі команданың да жанкүйерлері кінәлі екенін айтуда. Себебі, алаңға әртүрлі заттарды тек Черногорияның емес, сондай-ақ, Ресейдің де жанкүйерлері лақтырған. Осы жайтты ескеріп, УЕФА қос тарапты да жазалауы мүмкін.
Айта кетейік, 27 наурызда 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында командалар бір-біріне қарсы алаңға шықты. Черногорияның Подгорица қаласында өткен ойын алғашқы минутта-ақ тоқтатылғаны есімізде. Себебі, жергілікті жанкүйерлердің бірі Ресей қақпашысы Игорь Акинфеевке пиротехникалық құрал лақтырған еді. Салдарынан ойыншы жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. 35 минуттан кейін қайта жалғасқан матч 66-минутта біржола тоқтатылды. Бұған жанкүйерлердің алаңға ойынға кедергі келтіретін заттардың толассыз лақтыруы себеп болды. Аталған кездесуге германиялық төреші Дениз Айтекин қазылық жасағанын айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек: uefa.com.
Сурет: ria.ru.
• 03 Сәуір, 2015
УЕФА Черногория мен Ресей мәселесін 8 сәуірде қарайды

Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды
Теннис • Бүгін, 21:33
Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Бүгін, 19:01
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 18:48
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30