03 Сәуір, 2015

Кения: содырлардың шабуылынан 70 студент қаза тапты

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

02-04-15-kenia-1

АСТАНА. 3 сәуір. Кенияның Гарисса қаласындағы университетке «Аш-Шабаб» тобырының шабуылы кезінде кем дегенде 70 адам қаза тауып, 79 адам жарақат алды. Бұл туралы Reuters мәліметіне сүйенген РИА «Новости» хабарлады. Бұдан алдын 15 адамның опат болып, 65 адамның зардап шеккендері айтылып еді. Кенияның апаттар зардаптарын жою жөніндегі орталығы өзінің Twitter-дегі ресми аккаунтында арнайы қызметтің шабуыл кезінде кепілге алынған 500-ден астам студентті құтқара алғанын мәлімдеді. Сондай-ақ биліктің елдің Сомалимен шектес Тана, Гарисса, Ваджира және Мандера деп аталатын 4 округінде коменданттық сағат енгізу туралы шешім қабылдағаны айтылып отыр. Коменданттық сағат сәуірдің 16-сына дейін 18:30-дан 6:30-ға дейін күшінде болады. Кения ішкі істер министрі бұдан бұрын аранйы қызмет орындарының университетке шабуыл жасаған екі торррошыны жойғанын мәлімдеген болатын. Кения билігі Гарисса қаласындағы университетке шабуыл жасаудағы басты күдікті болып саналып отырған Мохамед Мохамуд (Mohamed Mohamud) жөнінде ақпар үшін 215 мың доллар көлемінде сыйақы белгіледі. Билік оны көргендердің бәріне бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлауды өтінеді. Жергілікті Daily Nation басылымы Кения ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, Күдікті содырлардың бірінің оқиға болған жерден қашып кетпек болған кезінде қолға түскенін жеткізді. БАҚ-тардың мәліметі бойынша, содырлар студенттерді діни ерекшеліктеріне қарай бөліп, кепілдікке алған да, соңынан 15 мұсылманды босатып қоя берген. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: РИА Новости.