АСТАНА. 16 қазан. Елбасы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің шағын құрамда өткен отырысына қатысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Іс-шараға сондай-ақ Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан президенттері, Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары мен Молдова Республикасының сыртқы істер және еуропалық интеграция министрінің орынбасары қатысты.
Отырысты ашқан Қазақстан Президенті Кеңеске қатысушылар атынан А.Лукашенконы өткен сайлаудағы жеңісімен, сондай-ақ А.Атамбаевты Қырғызстандағы парламенттік сайлаудың табысты өтуімен құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ТМД құрылғалы бері елдеріміздің арасында көпжақты ынтымақтастықты жандандыруды, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша интеграцияны тереңдете түсуді жақтағанын және бұл бағытын әлі жалғастырып келе жатқанын айтты.
«ТМД – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі 11 мемлекетті біріктіретін бірегей құрылым. Біздің өңірде оған балама жоқ. Біз бұл жерде халықаралық саясаттың ең маңызды жайттары бойынша сенімді ауанда пікір алмасып, көпжақты ынтымақтастығымыздың кез келген мәселесін талқылай аламыз. Біздің бүгінгі іс-шарамыз ТМД-ны дамыту ісіне өз үлесін қосатынына сенімдімін», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті сондай-ақ бүгінгі отырыстың күн тәртібі тығыз екенін, 17 мәселе қаралатынын атап өтті.
«Мәселелердің елеулі бөлігі қауіпсіздік және құқық тәртібін қамтамасыз етуге арналған, халықаралық шарттар топтамасына қол қою, бағдарламалық құжаттарды бекіту, сондай-ақ ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының халықаралық терроризмге қарсы күреске және БҰҰ 70 жылдығына арналған мәлімдемелерін қабылдау жоспарланған. Ұсынылған құжаттардың іс жүзінде зор мәні бар және оларды қабылдау елдеріміздің ынтымақтастығын нығайта түсуге ықпал ететін болады», – деді Елбасы.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: akorda.kz.
Сурет: egemen.kz.
• 16 Қазан, 2015
ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтті

Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55