25 шілдеде Париж қаласының Елисей алаңында әлемге әйгілі “Тур де Франс” веложарысының соңғы кезеңі өтті. Бас классификация бойынша “Астана” командасының капитаны – испандық велошабандоз Альберто Контадор жеңімпаз атанды.
Осыған орай Франция Президенті Н.Саркози Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа өзінің шынайы құттықтауын жолдағанын “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ басқармасының төрағасы Қ.Келімбетовке Франциядағы Қазақстан елшісі Н.Дәненовтің қатысуымен өткен жұмыс кездесуі барысында осы ел Президентінің дипломатиялық кеңесшісі Жан-Давид Левитт жеткізді.
Көпкүндік жарыстың финалдық бөлігіне келген қазақстандық делегация да “Астана” командасының тамаша жеңісіне байланысты Францияның спорт істері жөніндегі жауапты хатшысы Рама Яд ханымнан, осы ел астанасының мэрі Бертран Деланоеден, Франция велосипед спортының президенті Давид Лаппартиеннен, “Тур де Франс” ұйымдастыру комитетінің басшылығынан және француз спорт ұйымдары өкілдерінен құттықтаулар алды.
Сол күні “Астана” командасының бас демеушісі болып табылатын “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ басшылығы Франциядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен велокоманда мүшелеріне арнап қабылдау ұйымдастырды. Оған БАҚ, Францияның қоғамдық-саяси іскер топтарының өкілдері қатысты. Ел басшылығы атынан қатысушылар алдында Қ.Келімбетов сөз сөйлеп, А.Контадорды жеңісімен, ал барлық команданы “Тур де Франс” бәйгесіне табысты қатысқандары үшін алғыс айтып, құттықтады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың командаға қолдауы және елдегі велоспорттың дамуына көп көңіл бөліп отырғаны да баса айтылды.
“Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ басқармасының төрағасы Қ.Келімбетов Парижде болған кезінде сонымен қатар Францияның іскер топ өкілдерімен де кездесті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді
Аймақтар • Бүгін, 12:00
118 млн теңге залал: Бухгалтер мемлекеттік кәсіпорынның ақшасын бәске тігіп, көлік сатып алған
Аймақтар • Бүгін, 11:56
Петропавлда алаяқтың арбауына түскен әйел 18 млн теңгесінен айырылды
Оқиға • Бүгін, 11:42
Қазақстанның арнайы жасағы UAE SWAT Challenge-2026 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстан • Бүгін, 11:36
Ақтоғай ауруханасына 6 жаңа санитарлық автокөлік берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:33
Екібастұз ГРЭС-3 станциясы салынады: Елдің электр энергия өндірісі ұлғаяды
Энергетика • Бүгін, 11:20
2025 жылы қанша алтын құйма сатылды?
Қоғам • Бүгін, 11:18
Рыбакинаға Ресейге кіруге тыйым салынбақ
Теннис • Бүгін, 11:08
Әкімдер мен мәслихаттардың өзара іс-қимыл тәртібі Ата заңда қалай бекітілген?
Ата заң • Бүгін, 10:53
Қазақстан − Германия келіссөздері: Қай салаларда серіктестік артады?
Саясат • Бүгін, 10:48
Жаңа Конституцияда жеке деректерді сақтауға заңмен кепілдік беріледі
Ата заң • Бүгін, 10:39
Қызылордада жолдағы қозғалысты дрон бақылайды
Аймақтар • Бүгін, 10:34
Вице-Президентті кім тағайындайды?
Саясат • Бүгін, 10:30
Су саласын жүйелеу басталды: Сегіз бассейнге арналған жоспар әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 10:25
Жаңа Конституцияда ел азаматтығына қатысты қандай ережелер ұсынылған?
Ата заң • Бүгін, 10:22