Теннис • Бүгін, 11:08

Рыбакинаға Ресейге кіруге тыйым салынбақ

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің спорт министрі Михаил Дегтярев шетелдің спорттық азаматтығын қабылдаған ресейлік спортшыларға Ресейге кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Рыбакинаға Ресейге кіруге тыйым салынбақ

Көрші мемлекет министрі бұл туралы телеарнаға берген сұхбатында атап өткен.

«Біз шетелдің спорттық азаматтығын қабылдаған ресейлік спортшыларды елімізде асырап, тәрбиелеп, жаттықтырушы, спорттық базалармен қамтамасыз етеміз. Ал олар паспорттарын тастап, елден кетіп қалады. Мұндай адамдарды барлық жеңілдіктен айырып, елге кіруге және біздің спорт нысандарымызды пайдалануға тыйым салу керек. Біз осы мәселенің заң аясында шегеленуіне мүдделіміз», деді Дегтярев.

Сондай-ақ ол осы мазмұндағы жағдайларға қатысты талаптарды қатаңдататын бұйрыққа қол қойғанын айтқан. Оның сөзінше, спорттық азаматтығын өзгерткен бір шахматшы гроссмейстер атағынан айырылған.

Ресей заңындағы бұл өзгеріс Қазақстан туының астында да өнер көрсетіп жүрген әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина, ATP рейтингінде оныншы орында тұрған Александр Бублик, мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина және басқа да спортшыларға әсер етіп, оларға  Ресейге кіруге тыйым салынуы ықтимал.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанып, Мемлекет басшысы отандасымызды жеңісімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар