Жақында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» парламентаралық ынтымақтастығының мүшесі Айгүл Соловьева Еуропа қызметінің сыртқы іс-әрекеттер бойынша Орталық Азия басқармасының басшысы Тойво Клаармен және Еуропалық одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы, елші Аурелия Бушезбен кездесті.
Жүздесу барысында Мәжіліс депутаттары екіжақты ынтымақтастық байланыстардың көкжиегінің кеңейгенін атап өтті. Алда серіктестік қатынастардың қанат жая түсуіне тілектестік білдіріп, визалық тәртіп шарттарын жеңілдету жолдарын қарастыру мәселесін қозғады.
Тойво Клаар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық байланыстың өткен жылғы қазандағы Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге ресми сапарынан соң жаңа деңгейге көтерілгенін хабарлады. Құрамына 28 мемлекет енетін Еуроодақ өз құқықтық актілерін қайта қарап, келісімдерде көрсетілетін жаңа салаларға назар аударып жатқандықтарын мәлімдеді. Қазақстанмен визалық тәртіпті оңтайландыру жағдайын да ойластырып жатқандықтарын жеткізді.
Осы кездесуге Мәжіліс депутаты, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» парламентаралық ынтымақтастығының мүшесі Шавхат Өтемісов те қатысты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31