АСТАНА. 1 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қытайда Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Брифинг барысында Елбасы ҚХР-ға мемлекеттік сапардың маңызы жоғары екенін атап өтті.
«Әлемдік экономика дағдарысты бастан өткеріп жатқан бүгінгі уақытта әлемдік қаржы институттарының инвестициялық мүмкіндіктері айтарлықтай азайды. Осындай жағдайда Қытаймен өзара іс-қимыл біз үшін күрделі кезеңді еңсерудің қолайлы мүмкіндігі болып саналады», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ журналистерге ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу барысында жасалған екіжақты келісімдер туралы айтып берді. Солардың ішіндегі ең ірі жобаларда Павлодар алюминий зауытының өндіріс қуатын 150 мың тоннаға жеткізу, Маңғыстау облысында мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт құрылысын салу қарастырылады.
Президент сапардың өзге де қырларына тоқтала келіп, екінші дүниежүзілік соғыстың нүктесі нақ осы Қытайда қойылғанын атап көрсетті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы маңызды оқиғаға да тоқталып, депутаттарды Парламент сессиясының ашылуымен құттықтады.
«Мен біздің парламентшілерге табыс тілеймін, оларға Бес институционалдық реформаны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін белсене жұмыс істеуге тура келеді. Жыл аяғына дейін 57 заңнамалық акт қабылдау жоспарлануда. Біздің парламенттік фракциялар бұл міндетке зор жауапкершілікпен қарап, елдегі маңызды жаңғырту ісіне өз үлесін қосады деп ойлаймын», – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады.
«Бүгін 7,5 мың мектеп 2,6 миллион балаға есігін ашты, соның 300 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Біз әрбір бірінші сынып оқушысына менің жеке құттықтауыммен бірге Отанымыз туралы кітап сыйладық», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айдар Өрісбаев.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 01 Қыркүйек, 2015
Қытайда Қазақстанның БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті

Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13