Жаңа оқу жылының басталуына бір айдан сәл-ақ астам уақыт қалды. Ал уақыт алға озған сайын қаладағы № 11 орта мектептің оқушы-мұғалімдері, сондай-ақ ата-аналар күпті көңілмен күй кешуде. Аталған мектеп мәселесі жөнінде жергілікті басылымдар да жарыса жазуда. Бірақ, өкінішке қарай, одан шығып жатқан қорытынды шамалы секілді.
Енді бұл мәселенің мәнісіне үңілетін болсақ, жағдай төмендегідей. Яғни, осыдан 16 жыл бұрын әбден тозығы жеткен ескі мектептің төбесі тұтасымен қопарылып ішке түседі. Содан бұларға уақытша деп құрылысшылардың жатақханасы беріледі. Сөйтіп, міне, бірнеше жылдан бері мұндағы 1400 оқушы бөлмелері аядай, дәліздері қуықтай тар жерде сығылысып келеді.
“Жығылғанға жұдырық” демекші, осыдан төрт жыл бұрын енді әлгі жатақхана-мектептің бір жақ қабырғасы қақырап, еденнен төбеге дейін кісі жұдырығы сыятындай жарықшақ пайда болады. Жарықшақты қанша жамап-жасқағанмен ештеңе шықпаған соң, мектеп директоры Наталья Фесенко мектептің сол ақаулы тұсын бекітіп тастауға мәжбүр болады. Солайша мектеп тіпті тарыла түседі. Сол себептен де оқушылардың бір бөлігін көршідегі № 22 мектепке орналастыруға тура келеді.
Енді не істемек керек деген сұрақ туындағанда, бұл мектеп үшін жаңа ғимарат салуға мүмкіндік болмай, жаңадан екі корпусты тұрғызу жөнінде шешім қабылданады. Бірақ алғашқыда қарқынды басталған жұмыс соңғы бір жарым жыл бойы қозғалыссыз тұрып қалады. Абырой болғанда, биылғы көктемде аталған мектепте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев болып, мұндағы мәселеге әбден қаныққан соң тиісінше шешім қабылданады. Содан кейін-ақ тоқтап қалған құрылысқа қайтадан жан бітеді. Алайда қайсыбір құрылыс материалдары уақытында жеткізілмегендіктен мұндағы жұмыс тағы да саябырлап қалады. Соған байланысты құрылысшылар жаңа оқу жылына дейін жаңа корпустар толық дайын болмайтындығын мойындап отыр.
Оның үстіне ескі ғимараттағы қауіптен құтылудың жолы да өз шешімін табар емес. Өйткені, мұнда да барлық мәселе қаржыға келіп тірелуде. Айталық, ондағы тек жобалау жұмыстарының құны ғана бір миллион теңгеге жуық. Жалпы оған қанша қаржы кететіні, оны кім беретіні де әлі белгісіз. Сондықтан оқушылар мен мұғалімдердің, ата-аналардың күпті көңілі сейілер емес.
Осы орайда, мектеп директоры Наталья Фесенконың қалалық мәслихаттың депутаты екендігін де айта кетсек дейміз. Ал депутат өз мектебіндегі осындай қиын ахуалды түзей алмай жатса, басқаға не жорық? Қалай десек те, бұл мәселеге байланысты тездетіп тиянақты шешім қабылданбаса, ертең кеш болары анық.
Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей.

Түркістан облысында танысына оқ атқан күдікті ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:32
Замира Кузиева: Ата заң азаматтар үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді
Қоғам • Бүгін, 14:13
Ата заң жобасы мақұлданған жағдайда Парламент өкілеттігі қашан тоқтатылады?
Парламент • Бүгін, 14:10
Мектептегі қысым: Балалар арасындағы буллингтің зардабы қандай?
Қоғам • Бүгін, 14:05
Шығыс Қазақстан жастары референдумды қолдайды
Референдум • Бүгін, 13:46
Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 13:21
Қазақстаннан Қытайға 12,3 мың тонна жемдік ұн жөнелтілді
Экспорт • Бүгін, 12:55
Әулиекөлде көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы: Қаңтар айында қанша теңге төленді?
Қоғам • Бүгін, 12:33
Әйелдер күресінен ел құрамасының бас бапкері ауысты
Спорт • Бүгін, 12:25
Жамбылды бір-ақ сәтте қар басты: 300-ден астам қызметкер көшелерді қардан тазартып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:22
Павлодар трамвай паркі облыстың коммуналдық меншігіне өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді
Аймақтар • Бүгін, 12:00
118 млн теңге залал: Бухгалтер мемлекеттік кәсіпорынның ақшасын бәске тігіп, көлік сатып алған
Аймақтар • Бүгін, 11:56
Петропавлда алаяқтың арбауына түскен әйел 18 млн теңгесінен айырылды
Оқиға • Бүгін, 11:42