Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 1975 жылдың 1 тамызында қол қойылған Хельсинки Қорытынды актісінің 35 жылдық мерейтойының қарсаңында ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат САУДАБАЕВ былай деп мәлімдеді:
“Хельсинки Қорытынды актісі 35 жыл ішінде өзінің өзектілігінен айырылған жоқ. 35 мемлекеттің басшылары Хельсинки қаласында бас қосып, мақұлдаған бұл жаңашыл және жан-жақты қауіпсіздік тұжырымдамасы бүгінгі күні де ЕҚЫҰ жауапкершілігінің аймағында қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың маңызды факторы болып табылады. 35 жыл бұрын бекітілген қауіпсіздіктің әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық деген үш өлшемі осы күнге дейін ұйым қызметінің негізі болып қалуда”.
“Сонымен қатар әлемде соңғы жылдары болып жатқан күрделі өзгерістер ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерден, әсіресе, олардың басшыларынан, Ванкувер мен Владивосток арасындағы ұйым жауапкершілігіндегі аймақта туындайтын жаңа қауіп-қатерлерге лайықты шара қолдануды талап етеді. Сондықтан, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отырған Мемлекеттің басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл Астанада ЕҚЫҰ саммитін шақыру туралы бастамасы қаншалықты дер кезінде айтылғанына лайықты баға берудің өзі оңай емес. Біздің бүгінгі мақсатымыз – “Ванкувер мен Владивосток арасындағы қауіпсіздік кеңістігі тұжырымдамасын тарихта қалдырып, жаңадан еуразиялық және еуратлантикалық қауіпсіздік қауымдастығын құру ісіне көшу. Жаңа геосаяси жағдайда Хельсинки Қорытынды актісі тұжырымдамасынан орынды түрде “Астана рухы” секілді жаңа ұғым пайда болып, осындай кездесулердің аса маңызды қорытындысына айналатынына біз кәміл сенеміз. Бұл біздің ұйымның мерейтойын лайықты атап өтуге және оны XXІ ғасырда жаңа жетістіктерге жетелеуге жол ашуы тиіс”.
Аталған Саммит бүгінгі ЕҚЫҰ-ны құрайтын 56 мемлекет басшыларының басын қосып, осы жылдың аяғына дейін Қазақстан елордасы Астана қаласында өткізіледі деп көзделген.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
• 31 Шілде, 2010
ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы: Хельсинки Қорытынды актісі 35 жыл ішінде өзінің өзектілігінен айырылған жоқ

Түркістан облысында танысына оқ атқан күдікті ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:32
Замира Кузиева: Ата заң азаматтар үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді
Қоғам • Бүгін, 14:13
Ата заң жобасы мақұлданған жағдайда Парламент өкілеттігі қашан тоқтатылады?
Парламент • Бүгін, 14:10
Мектептегі қысым: Балалар арасындағы буллингтің зардабы қандай?
Қоғам • Бүгін, 14:05
Шығыс Қазақстан жастары референдумды қолдайды
Референдум • Бүгін, 13:46
Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 13:21
Қазақстаннан Қытайға 12,3 мың тонна жемдік ұн жөнелтілді
Экспорт • Бүгін, 12:55
Әулиекөлде көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы: Қаңтар айында қанша теңге төленді?
Қоғам • Бүгін, 12:33
Әйелдер күресінен ел құрамасының бас бапкері ауысты
Спорт • Бүгін, 12:25
Жамбылды бір-ақ сәтте қар басты: 300-ден астам қызметкер көшелерді қардан тазартып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:22
Павлодар трамвай паркі облыстың коммуналдық меншігіне өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді
Аймақтар • Бүгін, 12:00
118 млн теңге залал: Бухгалтер мемлекеттік кәсіпорынның ақшасын бәске тігіп, көлік сатып алған
Аймақтар • Бүгін, 11:56
Петропавлда алаяқтың арбауына түскен әйел 18 млн теңгесінен айырылды
Оқиға • Бүгін, 11:42