149,5 млрд. теңге Жартыжылдықта өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен есептегенде осыншама болды Биылғы жылдың қаңтар-маусымында өңірдегі өнеркәсіп, кәсіпорындар мен шағын және қосалқы өндіріс саласындағы жұмыстардың нәтижесі қорытындыланды. Өткен жылмен салыстырғанда, жұмыс ауқымы едәуір өскенін байқауға болады. Осылайша бөлшек тауар айналымының көлемі былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 28,7 пайызды құрап, тұтынушы талабы мен талғамын зерттеуде оң өзгерістерге қол жеткізілген. Облыста биылғы 1 шілдеге 15958 шаруашылық субъектілері тіркелген. Орташа ақшалай табыс 58581 теңгені құрады, Бұл әлеуметтік жағдайдың уақыт өткен сайын жақсарғанын білдіреді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқынымен өлшенетіні анық. Саладағы өндіріс көлемін қолданыстағы бағамен есептегенде 149,5 млрд. теңгені құрады. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы. 11 000 370 000 Оңтүстікте жол-көлік инфрақұрылымын жақсартуға осынша қаржы жұмсалуда Оңтүстіктің жолдары ойдым-ойдым болып, көлік иелері ойбайға басып жататын уақыттары кейінге сырғып барады. Кәсіпкерлердің де қолы ұзарып қалды. Асфальтқа қажет керек-жарақтарды түгелдей өздері дайындайды. Облыстық іскерлер арасындағы нәзік жандылардан жалғыз өкіл – Рәшкүл Оспанәлиеваның екі асфальт зауыты Түркістан және Сарыағаш бағытындағы жолдарда от салған самаурындай түтіні будақтап жұмыс істеп тұр. Облыста жаңадан бес көпір пайдалануға беріледі. Соның бірегейі – Түркістан қаласы Балтакөл ауылындағы Сырдария үстінен кесіп өтетін көпір. Дарияның арғы бетіндегі ауыл үшін бұған дейін талай рет көпір салынған. Қалқыма көпірді көктемгі ырғын су жұлып кетті, катер сүйреген паромда адам шығыны да болып жататын. Енді жаңа көпірге облыстық бюджеттен 1 млрд. теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр. Бақтияр ТАЙЖАН. ШЫМКЕНТ. 145 Орал өңірінде “Таза су” бағдарламасына сәйкес осыншама елді мекен ауыз сумен қамтылмақ Батыс Қазақстан облысында 2011-2015 жылдарға арналған аталмыш бағдарламаның ауқымы кең. Өз атауынан көрініп тұрғанындай ол бірінші кезекте тұрғындарды ауыз сумен қамту мақсатын көздейді. Оған қажетті қаражат республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінбек. Тақырыпта атап көрсетілгендей “Таза су” бағдарламасы 108 мың адам тұратын 145 елді мекенді ауыз сумен қамтуға алғышарт жасайды. Бұл облыс көлеміндегі елді мекен тұрғындарының 30 пайызға жуығын құрайды. Мұның өзі осыншама адам орталықтандырылған ауыз суды тұтынуға мүмкіндік алады деген сөз. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы.
Цифрлық бақылау бюджеттің ашықтығын жаңа деңгейге көтерді
Қаржы • Бүгін, 13:00
Қазақстан мен Болгария президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Қазақстан Болгарияға уран жеткізуге мүдделі
Өндіріс • Бүгін, 12:45
Қазақстанның шикізат нарығындағы позициясы нығайып келеді
Экономика • Бүгін, 12:34
Үш елдің фитосанитариялық қызметтері күш біріктіреді
Қазақстан • Бүгін, 12:30
Автобус апатында аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана беріледі
Оқиға • Бүгін, 12:19