Оқиға • Бүгін, 12:19

Автобус апатында аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана беріледі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған қыздың отбасына тұрғын үй беріледі. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Автобус апатында аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана беріледі

Фото: Ашық дереккөз

«Көмек көрсету мәселесіне келсек, сақтандыру төлемі шамамен 20 миллион теңгені құрады. Әкімдік тарапынан 10 миллион теңге төленді, қосымша тағы 10 миллион теңге беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тұрғын үй мәселесін де шешіп жатырмыз. Бұл отбасыға баспана беріледі. Оны ресми түрде айтамын», деді қала әкімі.

Сонымен қатар, әкім оқиғаның себептері мен кінәлілер тергеу нәтижесінде анықталатынын атап өтті.

«Менің білуімше, автобусты басқарған жүргізушінің бұл салада тәжірибесі мол, бұрыннан жұмыс істейді. Қазір ол тергеліп жатыр. Баршаңызды тергеудің нәтижесін күтуге шақырамын. Қайғылы оқиғаның себептері мен кінәлі тұлғалар анықталатын болады», деді әкім.

Естеріңізге сала кетейік, 2 маусым күні Астанада жолаушылар автобусы жарнама ілінген бағанаға соғылған. Жол апаты салдарынан 15 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Олардың ішінде 2017 жылы туған қыз баланың аяғын кесуге тура келген.