Қазақ халқы өзінің ар-намысына айналған ұлдары мен қыздарын лайықты құрметтеп, әрқашанда ұмытпайды. Бір Алладан кейінгі сиынары да, арқа сүйері де солар. Аруақтарды әспеттеу ежелден қалыптасқан игі дәстүріміз. Халқымыз жақсылыққа, парасаттылыққа және имандылыққа үндейтін данышпандарын, ақыл-ойдың шамшырағын жаққан ғұламаларын және ел қорғаған батырларын үнемі мақтан етіп, артқа қалдырған өсиеттерін рухани азық етеді. Сондықтан да еліміз әлемдік өркениеттің төрінен лайықты орын алып, өміршеңдік қадір-қасиетімен дүние жүзіне барған сайын кең таныла түсуде.
Осындай теңдесі жоқ тұлғаларымыздың алдыңғы сапында ұлт ұстазы атанған ұлы ақын-философ Абай Құнанбаев тұр. Бұл данышпанды тек қазақ халқы емес, елімізді мекендеген басқа да көптеген ұлт өкілдері орынды мақтаныш етеді. Сол кісінің гуманистік өсиеттеріне әрқашанда сай болуды олар өздеріне зор абырой санайды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігінің арқасында Абайдың даңқы бүгінде дүние жүзіне кең жайылды. Ол тәуелсіз қазақ елінің бірден-бір нышанына айналды. Абай десе, шетелдіктер қазақты бірден танитын болды. Президентіміздің бастамасымен әлемдік ұйым – ЮНЕСКО шеңберінде ғұламаның 150 жылдық мерейтойы салтанатпен атап өтілгені белгілі. Тағы да Нұрсұлтан Әбішұлының үлкен беделі арқасында Ресей мемлекетінің төрі – Мәскеуде Абайдың тамаша ескерткіші бой көтерді. Ақын есімі теңдесі жоқ тұлға ретінде көптеген шетелдерде әспеттеліп отыр. Атап айтсақ, Египетте, Түркияда, Германияда, Францияда және басқа достас мемлекеттерде.
Тәуелсіз Қазақстанда Абай есімі үлкен құрметке бөленген. Бізде мектептер, жоғары оқу орындары, мәдениет мекемелері, қала мен аудандар және көшелер ақын атымен аталады. Соның бірі – Жамбыл облысындағы қазақ драма театры болатын. Бұл мәдениет орталығына Абай есімі 1945 жылы берілген. Ал сол облыстық қазақ драма театры қазір Абай есімімен аталмайды. 1974 жылғы Қазақ Совет энциклопедиясының 4 томындағы 254 бетте: “Абай Құнанбаевтың 100 жылдығына орай 1945 жылы Жамбыл облыстық қазақ драма театрына Абайдың есімі берілді” деп тайға таңба басқандай жазылған. Осы тақырыпта 2004 жылдан бері жеті мақала жаздым. Олар республикалық басылымдарда жарияланды.
Менің мақалаларыма үн қосып республикалық басылымдарда бірнеше мақала да жарық көрді. Оның бәрін көзі қарақты жұрт жақсы біледі.
Бір айта кететін жайт, менің Абайға қатысты баспасөзде жарық көрген мақалаларымның бәрі Мәдениет министрлігіне жіберіліп, хат жазылды. Мұрағаттардан алынған құжаттар да қоса жолданылды. Амал не, Абай есімін театрға қайтартуға ешбір әрекет жасалмады.
Мен осы маңызды мәселе жөнінде облыстың жаңа әкіміне де, әкімнің орынбасарына да айттым. Қолымдағы дәлел-дәйектерді көрсеттім. Содан бері жарты жыл өтсе де “баяғы жартас бір жартас, қаңқ етер түкті байқамастың” кебі келді. Орын алған кемшіліктерді түзетуге ешбір шара қолданылған жоқ.
Міне, ұлы Абайдың туғанына 165 жыл толуын тойлайтын кезең де келіп жетті. Өкінішке қарай, Жамбыл облыстық қазақ драма театры 2004 жылдан бері ақын есімінсіз жетімсіреп, иесіз қалған күндерді бастан кешуде.
Сағат АРЫНҰЛЫ, соғыс және еңбек ардагері.
Тараз.

Түркістан облысында танысына оқ атқан күдікті ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:32
Замира Кузиева: Ата заң азаматтар үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді
Қоғам • Бүгін, 14:13
Ата заң жобасы мақұлданған жағдайда Парламент өкілеттігі қашан тоқтатылады?
Парламент • Бүгін, 14:10
Мектептегі қысым: Балалар арасындағы буллингтің зардабы қандай?
Қоғам • Бүгін, 14:05
Шығыс Қазақстан жастары референдумды қолдайды
Референдум • Бүгін, 13:46
Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 13:21
Қазақстаннан Қытайға 12,3 мың тонна жемдік ұн жөнелтілді
Экспорт • Бүгін, 12:55
Әулиекөлде көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы: Қаңтар айында қанша теңге төленді?
Қоғам • Бүгін, 12:33
Әйелдер күресінен ел құрамасының бас бапкері ауысты
Спорт • Бүгін, 12:25
Жамбылды бір-ақ сәтте қар басты: 300-ден астам қызметкер көшелерді қардан тазартып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:22
Павлодар трамвай паркі облыстың коммуналдық меншігіне өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді
Аймақтар • Бүгін, 12:00
118 млн теңге залал: Бухгалтер мемлекеттік кәсіпорынның ақшасын бәске тігіп, көлік сатып алған
Аймақтар • Бүгін, 11:56
Петропавлда алаяқтың арбауына түскен әйел 18 млн теңгесінен айырылды
Оқиға • Бүгін, 11:42