Аталған мәселе бойынша хабарлама жасаған Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Қазақстаннан қырғыз еліне көрсетіліп жатқан көмектер жайында айтып берді. Осы уақытқа дейін бұл елге 184 тонна металл шиферлар, 128 тонна жарма мен қарақұмық өнімдері, 1000 тоннадан астам күріш өнімдері, 28 вагон тақтай және ағаш материалдары, басқа да тұрмысқа қажетті заттар әзірленіп жіберілу үстінде екендігін жеткізді.
Қазіргі күні Қырғызстан үшін маңызды болып отырған мәселелердің бірі ел экономикасының тұрақтылығына қол жеткізу болып отыр. Осы бағытта ЕурАзЭҚ ұйымына қатысушы мемлекеттермен бірге, әсіресе Ресей мен Қазақстанның белсене қатысуымен осы ұйымның банкінен 290 миллион доллар қаражат бөлу көзделген. Қырғыздарға көмек екі жолмен көрсетілуде. Оның біріншісі экономиканы түзеу үшін несие қаржыларын беру, екіншісі гуманитарлық көмектер жасау. Осы екі мәселеге де Қазақстан жағы белсене қатысуда.
Қырғызстан жағынан сөз алған осы елдің Қаржы министрі Өсербек Имашев қиын шақта алғашқы болып көмек қолын созған Қазақстан еліне, оның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен ел Үкіметіне Қырғызстан халқының атынан үлкен ризашылығын жеткізді. Қазіргі қалыптасқан жағдайды, дағдарыстан шығу жолдарын белгілеген жоспардың жасалғандығын, ол жоспарда белгіленген шараларды әңгімелеп берді. Бұл жоспар қазақстандық сарапшылардың қатысуымен әзірленген екен.
Қырғызстанға көрсетілетін көмек түрлерін айқындап, оны қамтамасыз ету үшін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев жетекшілік ететін арнайы комиссия құрылғандығы белгілі. Бұл комиссия аталған елде болып, қажетті көмек көлемі мен түрлерін осы елдің басшылығымен бірлесе отырып айқындаған болатын. Мұндағы қамтылған мәселелер Қырғызстанның дағдарыспен күрес жоспарына енгізілген.
Отырыс барысында Қырғызстаннан келген делегация мүшелері елдің мұқтаж болып отырған мәселелерін ортаға салды. Соның ішінде Бішкекте донорлық халықаралық конференция өткізу ісіне Қазақстан жағы белсене қатысатын болды. Осы мәселені халықаралық деңгейде ұйымдастыру ісін біздің жақ қолға алмақ.
Енді бірқатар мәселелер Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы кеден бекеттерінен адамдар мен тауарларды өткізу мәселесіне қатысты екен. Қазақстанның Кеден одағына қосылуына байланысты бұл мәселелер қазіргі кезде Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттері бірігіп құрған Кеден комиссиясының құзыретінде. Осы жағдай Қырғызстан делегациясының мүшелеріне ескертілді. Дегенмен мәселені алға жылжыту аталған комиссияның Қазақстан жағынан мүшесі болып табылатын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевке жүктелді.
Отырысты қорытындылаған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қазіргідей ауыр халді бастан өткеріп отырған бауырлас елге қол ұшын созып, көмек көрсету Елбасының тапсырмасы болып табылатындығын, сондықтан мұнда айтылған әрбір мәселе Қазақстан Үкіметінің тарапынан мұқият қаралатындығын жеткізді.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ.

Жұмыртқа мен сары май қымбаттаған: Жетісуда бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан 9 адам сотталды
Қылмыс • Бүгін, 11:44
Трамп АҚШ-тың климаттық нормаларына негіз болған құжаттың күшін жойды
Әлем • Бүгін, 11:33
Алматыда есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:19
Шет ауданында жаңа спорт кешені ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:07
Патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды
Қоғам • Бүгін, 11:00
Баку – Тбилиси – Джейхан арқылы 110 мың тонна мұнай жөнелтіледі
Экономика • Бүгін, 10:50
Өткен жылы өндіріс 6,4%-ға артты: Қай салалар оң динамика көрсетті?
Қоғам • Бүгін, 10:40
Енді мұнай-газ құбырларын адам емес, дрон күзетеді
Энергетика • Бүгін, 10:38
Астана әуежайында Дубайдан олжалы оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды
Айбын • Бүгін, 10:32
Қызылордада бойжеткеннің соңынан қалмай, аңдыған өгей әкесі темір торға тоғытылды
Аймақтар • Бүгін, 10:20
13 ақпанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?
Ауа райы • Бүгін, 10:02
Жасанды интеллект ауаның ластануын алдын ала болжай ала ма?
Экология • Бүгін, 09:55
Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:47
Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 09:39