Әлем • Бүгін, 11:33

Трамп АҚШ-тың климаттық нормаларына негіз болған құжаттың күшін жойды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп 2009 жылы қабылданған және елдегі федералдық климаттық талаптардың құқықтық негізі болып келген шешімнің күшін жойғанын мәлімдеді. Аталған құжат автокөлік құралдарының парниктік газ шығарындыларына қойылатын стандарттар мен электр көліктерін қолдауға бағытталған нормалардың тірегі саналған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Трамп АҚШ-тың климаттық нормаларына негіз болған құжаттың күшін жойды

Фото: Global Look Press (архив)

Мәлімдеме Ақ үйде жасалды. Дональд Трамп пен АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің басшысы Ли Зелдин бұл қадамды «АҚШ тарихындағы ең ірі дерегуляциялық шара» деп атады.

Елімізде агроклиматтық полигон құрылады

Трамптың айтуынша, 2009 жылғы «Парниктік газдардың қауіп төндіретіні туралы қорытынды» деп аталатын құжат бұрынғы президент Барак Обама әкімшілігі тұсында қабылданып, америкалық автокөлік өнеркәсібіне зиян келтіріп, тұтынушылар үшін бағаның өсуіне әсер еткен.

«Біз Обама дәуіріндегі апатты саясаттың күшін ресми түрде тоқтатамыз», деді ол баспасөз мәслихатында.

Аталған қорытындыда 6 түрлі парниктік газ халық денсаулығына қауіп төндіреді деп танылған. Соның негізінде көлік құралдарының шығарындыларына шектеу қою, сондай-ақ қазба отынмен жұмыс істейтін компанияларды өз шығарындылары жөнінде есеп беруге міндеттеу тәрізді нормалар енгізілген болатын.

Климат мәселесі күн тәртібінде тұр

Трамп бұл құжаттың ғылыми әрі құқықтық негізі болмағанын алға тартты. Оның сөзінше, қазба отындары ұрпақтар бойы миллиондаған адамның өмірін сақтап, миллиардтаған адамды кедейліктен шығарды.

Ал Барак Обама Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында аталған шешімнің күшін жою қоршаған орта мен халық денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін жазды. Оның пікірінше, 2009 жылғы қорытынды автокөлік шығарындылары мен электр стансаларына қойылған шектеулердің негізі болған.

«Онсыз біз аз қорғалған, денсаулығы әлсіз және климаттың өзгеруімен күресуге қауқарсыз боламыз», деп мәлімдеді ол.

Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім АҚШ-тың климаттық саясатына елеулі өзгеріс әкеліп, энергия нарығы мен автокөлік өндірісіне ықпал етуі ықтимал.

Климаттық өзгеріске – байыпты көзқарас

Соңғы жаңалықтар