Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздегі денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды.
Осы мәселе жөнінде баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің айтуынша сала бойынша осы уақытқа дейін жұмыс істеп келген 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама өзінің аяқталу сатысында тұр. Ол бойынша елімізде бірқатар жұмыстар жүзеге асты. Дәрі-дәрмектерді жеткізудің бірыңғай дистрибьютерлік жүйесі құрылды. Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті беру ісі басымдықпен дамытылды. Елімізде 59 медициналық білім нысаны салынды.
Енді қабылданып отырған жаңа бағдарламада денсаулық сақтау ісін тиімді ұйымдастыру мәселелеріне, соның ішінде аурулардың алдын алу мен саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға айрықша назар аударылған. Бағдарлама алты бағытты қамтып отыр.
Бірінші бағыт бойынша сектораралық және ведомствоаралық іс-қимылдың тиімділігін арттыру көзделеді. Яғни денсаулық сақтау ісіне қатысы бар салалардың барлығы өз жұмыстарын бірлесіп жүргізуге мән беретін болады.
Екінші бағыт бойынша негізгі әлеуметтік аурулар (инфаркт, инсульт, қант диабеті, туберкулез және басқалар) бойынша алдын алу шаралары барынша күшейтіледі.
Үшінші бағыт санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіруге, атап айтқанда суық тию аурулары мен өкпе қабынуын туындататын инфекциялардан балаларды сақтау үшін алдын ала егу жұмыстарын жүргізу, отандық медициналық иммундық-биологиялық дәрі-дәрмектерді өндіру мақсатын көздейді.
Төртінші бағыт бойынша бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмекті ұйымдастыруды басқаруды және қаржыландыруды одан әрі жетілдіру мәселелері қамтылып отыр. Осы үшін медициналық қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, жас мамандарға түрлі жеңілдіктер беруге, көлік медицинасын, соның ішінде авиациялық медицинаны дамыту ісіне мән берілмек.
Бесінші бағыт медициналық, фармацевтикалық білім беруді жетілдіру жөніндегі шараларды, медицинадағы инновациялық технологияларды дамыту мен енгізуді, медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтиды.
Ал алтыншы бағыт бойынша халық үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімді әрі сапалы болуы көзделеді.
Бағдарламаның елеулі жетістігі ретінде ұлттық медициналық холдингтің құрылуын айтуға болады. Сонымен қатар ендігі кезекте халыққа дәрігерді, емханаларды өз еркімен таңдау құқығын бере отырып, медициналық мекемелер арасындағы бәсекелестіктің артуына көп көңіл бөлінуде.
Бағдарламаның жалпы құны 445 миллиард теңгеден астам соманы құрайды. Бұл бағдарламаны әзірлеу барысында жергілікті жерлерде бірқатар жиындар ұйымдастырылып, денсаулық сақтау қызметкерлерінің, қоғам өкілдерінің пікірлері, ұсыныстары ескерілген. Газеттерде көптеген мақалалар жарияланған.
Сондай-ақ Үкімет отырысында шығып сөйлеген Павлодар қаласындағы екінші қалалық аурухананың бас дәрігері Ораз Мұқашев, Алматы облысы, Панфилов аудандық ауруханасының бас дәрігері Төлеу Сарпеков, Денсаулық сақтау қызметкерлері ассоциациясының басшысы Айжан Сыдықова және басқалар жаңа бағдарламаның тиімді жақтары көп екендігін айтып, оған мысалдар келтіре отырып, қолдап сөйледі.
Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Жақсылық Досқалиевтің өз баяндамасын мемлекеттік тілде және жүйелі жасағандығына ризашылығын білдіре келе, өңірлерден келген медицина мекемелерінің басшыларының көпшілігі осы тілде бір ауыз сөз айта алмағандығын сынға алды. Бағдарламаға қолдау білдірді.
Талқылауды қорытындылаған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бұл бағдарлама Үкімет мүшелерінің дауыс беру жағдайында қолдауға ие болғандығын айта келе, енді оның Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатындығын жеткізді.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ.
• 17 Тамыз, 2010
“Саламатты Қазақстан” бағдарламасы Үкімет қолдауына ие болды

Жұмыртқа мен сары май қымбаттаған: Жетісуда бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан 9 адам сотталды
Қылмыс • Бүгін, 11:44
Трамп АҚШ-тың климаттық нормаларына негіз болған құжаттың күшін жойды
Әлем • Бүгін, 11:33
Алматыда есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:19
Шет ауданында жаңа спорт кешені ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:07
Патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды
Қоғам • Бүгін, 11:00
Баку – Тбилиси – Джейхан арқылы 110 мың тонна мұнай жөнелтіледі
Экономика • Бүгін, 10:50
Өткен жылы өндіріс 6,4%-ға артты: Қай салалар оң динамика көрсетті?
Қоғам • Бүгін, 10:40
Енді мұнай-газ құбырларын адам емес, дрон күзетеді
Энергетика • Бүгін, 10:38
Астана әуежайында Дубайдан олжалы оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды
Айбын • Бүгін, 10:32
Қызылордада бойжеткеннің соңынан қалмай, аңдыған өгей әкесі темір торға тоғытылды
Аймақтар • Бүгін, 10:20
13 ақпанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?
Ауа райы • Бүгін, 10:02
Жасанды интеллект ауаның ластануын алдын ала болжай ала ма?
Экология • Бүгін, 09:55
Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:47
Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 09:39