Тасқын су басқан аймақтарда тұрғын үйлер пайдалануға берілуде
Кенді Алтайдағы биылғы сұрапыл қыс мыңдаған адамдардың жүрегіне ұмытылмас жарасын салып кеткені белгілі. Тарбағатай ауданының Жәнтікей, Көкжыра, Қызылкесік, Зайсан ауданының Тасбастау, Күршім ауданының орталығы мен Маралды және басқа да бірқатар елді мекендерде күрт жылыған күн қалың қарды ерітіп, тасқын су бес жүзден астам тұрғын үйді, ондаған мың малды жайратып салды. Сын сәтте Елбасы қамқорлық қолын созып, мол қаржы бөлгізді, Үкімет басшыларын апат аймақтарына жіберді, шығын мөлшерін анықтады. Шығысқа он миллиард теңгеге жуық қаржы қажет екені анықталды.
Өткен сәрсенбі-бейсенбі күндері облыс әкімі Б.Сапарбаев бастаған құқық қорғау органдары басшылары Көкпекті және Тарбағатай аудандарындағы алты-жеті ауылда кездесулер өткізді. Ақсуат ауылындағы кездесуде тыл ардагері М.Нұрбекова деген ана жаңа интернат үйінің өз балаларына қажет екендігін, жолдарды жөндеуге қаржы бөлуді өтінді. Облыс әкімі “Жол картасы” бойынша жүздеген тарбағатайлықтардың жұмысқа орналасқанын, биыл жолдарды жөндеуге 18 миллиард теңге бөлінгенін хабардар етті.
Көкжыралықтар да облыс әкімі бастаған топты жылы қарсы алды. Бұл жолы өңір басшысы 15 адамға жаңа үйлердің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті. Солардың бірі – Еңбек Ері Қазбек Демеубаев қария. Қазбек қарияны мұның алдында да 9 мамырда Көкжырада жолықтырғанбыз. Сол жолы елге сыйлы қария өңір басшысына алғысын айтып “Айналайын, Бердібек балам, сіз елге жақын азамат екенсіз, демек, көкжыралықтар үйсіз қалмайды деген сенімдемін” деген. Сол сөзінің шындыққа айналғанын тебіреніп тұрып ел алдында айтып берді.
– Құрметті көкжыралықтар, жаңа баспана құтты болсын! Ең алдымен, сіздердің аттарыңыздан көрсеткен қамқорлығы үшін Елбасы Н. Назарбаевқа алғыс айтқым келеді. Бүгін, міне, 15 тұрғын үйдің кілтін алып тұрсыздар. Күршім, Тасбастау ауылдарында да үй кілттері зардап шеккен адамдарға берілді. Қызылкесік ауылында да бүгін пәтер кілттері тапсырылмақ. Осы жолы Самар ауылында тұрғындармен кездесуде Лайлы су тоғанының құрылысын салу үшін облыстық бюджеттен 91 миллион теңге бөлінгенін айттым. Оның құрылысы 1 қарашаға дейін аяқталуы тиіс. Уақыт жүрдек, зымырап өтіп жатыр, ендеше қалған екі айды тиімді пайдалану қажет. Көкжырадағы үйлерді 1 қыркүйекке дейін бітіріп, коммуникация, жолдарды тез аяқтау қажет. Мектеп, басқа да әлеуметтік ғимараттарды тез әрі сапалы салатын уақыт жетті, деді облыс әкімі. Жәнтікей ауылында құрылыс сәл баяу. Қазір мұнда 127 үй шатырланып, 191 үйдің қабырғасы көтеріліпті. Облыс әкімі Б.Сапарбаев құрылысты жүргізіп жатқан мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ал оның барысын қадағалауды өз орынбасары Серік Тәукебаевқа тапсырды.
Өңір басшысы бұрынғы аудан орталығы Ақжарда болды. Бірқатар ұжымдарда болып, халықпен әңгімелесті. Ауылда балалар демалатын орындар жоқ, су тапшылығы байқалады. Ал Тәуке ауылында да тасқын кезінде онға тарта үй жарамсыз болып қалған. Енді келіп жаңа үйлердің кілтіне үйлері бар, зардап шекпегендер ие болған. Облыс басшысы бұл мәселені анықтауды аудан әкіміне тапсырды.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы.
____________________________________
Суретті түсірген Есімхан ОРЫНБАЕВ.

Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Бүгін, 18:08
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Бүгін, 18:00
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 17:53
Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35
Vogue Italia Михаил Шайдоровтың костюмін таңдаулылар қатарына қосты
Қысқы спорт • Бүгін, 17:25
Елімізде қызылшаға қарсы вакцинация науқаны тоқтады ма?
Медицина • Бүгін, 17:18
Қайтарылған активтер: Маңғыстау облысында жаңа медициналық мекеме салынды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Бейжің тәжірибесі Қазақстанға көмектесе ме? 11 қаланың ауасы неге әлі де лас?
Қазақстан • Бүгін, 17:04
Алматылық ғалымдар өндіріс қалдықтарынан құрылыс материалдарын әзірлеп жатыр
Технология • Бүгін, 17:00
Астаналық құтқарушылар көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті
Ата заң • Бүгін, 16:41
2026 жылы 20-дан астам мұнай-газ учаскесі сатылымға шығады
Экономика • Бүгін, 16:22