Қысқы спорт • Бүгін, 17:25

Vogue Italia Михаил Шайдоровтың костюмін таңдаулылар қатарына қосты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Vogue Italia журналының ғаламтордағы нұсқасы 2026 жылғы Олимпиада ойындарын ең сәнді жарыстардың қатарына қосып, спортшылардың ең таңдаулы киім үлгілеріне арнайы шолу жасады, деп жазады Egemen.kz.

Vogue Italia Михаил Шайдоровтың костюмін таңдаулылар қатарына қосты

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бұл тізімге ерекше дизайнымен, айрықша түстерімен және стилімен көзге түскен спорттық киімдер енген. Авторлар тек киім үлгілерін емес, сонымен қатар аксессуарларға да айрықша назар аударған.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, аталған шолуда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың қысқа бағдарламада киген жарыс костюмі де жоғары бағаланды.

«Қазақстан құрамасының өкілі Михаил Шайдоров көрерменді «Дюна» фильміндегі Тимоти Шаламе бейнесін еске түсіретін киім үлгісімен таңғалдырды. Матаның драпировкасы мен градиентті элементтері костюмнің басқа бөліктерімен үйлесіп, Дени Вильнёв фильмдеріне тән апокалиптикалық әрі футуристік әлем эстетикасын көз алдыңы әкеледі», делінген мақалада.

Шайдоровтан бөлек, Vogue Italia шолуына өзге де мәнерлеп сырғанаушылардың костюмдері енді. Атап айтқанда: Илья Малинин (АҚШ, қысқа бағдарлама), Пётр Гуменник (Ресей, қысқа бағдарлама), Мэдисон Чок / Эван Бейтс жұбы (АҚШ, еркін би), Стивен Гоголев (Канада, қысқа бағдарлама), Лара Наки Гутманн (Италия, қысқа бағдарлама) және Лоранс Фурнье Бодри / Гийом Сизерон жұбының (Франция, ритмикалық би) жарыс костюмдері назарға іліккен.

Айта кетейік, бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді. 

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы жекелей сырғанауда қысқа бағдарлама бойынша 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-ші орынға тұрақтаған еді. 

Соңғы жаңалықтар