Қоғам • Бүгін, 11:44

Атырау әуежайында сөмкесінде қару барын айтқан жолаушы рейстен түсірілді

1 мин
оқу үшін

Атырау әуежайында жолаушы сөмкесінде қару барын айтқан соң, ол рейстен түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау әуежайында сөмкесінде қару барын айтқан жолаушы рейстен түсірілді

Фото: Ашық дереккөз

Оқиға Атырау халықаралық әуежайы аумағында «Атырау – Шымкент» рейсіне тіркелу кезінде болған.

Көліктегі полицияның мәліметінше, Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны тексеру барысында әуежай қызметкерлеріне сөмкесінде тапанша бар екенін айтқан. Осыдан кейін ер адам №788 рейсінен шұғыл түрде түсіріліп, тексеруден өткізілді.

Жалған ақпарат таратудың жауапкершілігін білеміз бе?

Алайда ақпарат расталмады. Соған қарамастан, жолаушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Көліктегі полиция департаменті әуежайда қару, жарылғыш зат немесе басқа да қауіпті заттардың бар екені туралы кез келген мәлімдеме қауіпсіздікке төнген қатер ретінде бағаланатынын және оның ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салды.

Айта кетейік, Алматы қаласында қылмыстық іс аясында қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Тергеу органдары оны жалған ақпарат тарату және заңсыз әрекеттерді ұйымдастыру дерегі бойынша күдікті деп танып отыр.

Соңғы жаңалықтар