Фото: magnific.com
Байқау нәтижесі бойынша І орынды Ақмарал Серікбаева иеленді, ал екінші орынды Ақсұңқар Алмаған мен Абдулла Ризабекұлы бөліскен. Үшінші орын мінберінен үш жүлдегер көрінді, олар – Ақбота Шарибекова, Көкбөрі Мүбәрак және Санжар Қаскеев.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұсынған үздік балама атаулар төмендегідей:
- Кресло – арқажай, отырғы.
- Жалюзи – күнүзік, күнқағар, күнперде, шапақ, айқара.
- Комод – толапша, суырма, кебеже, қаршы.
- Простыня – жабын.
- Пододеяльник – көрпеқап, көрпетыс, сейсеп.
- Одеяло – күрбік, көрпе, жамшы.
- Тумбочка – жандықша, қобди, тартпа.
- Раковина – қолжуғыш, шұңғылтас, шұңғылша.
- Удлинитель – тоқсым, ұзартоқ.
- Миксер – шайқауыш, бұлғауыш, араластырғы.
- Соковыжималка – сығын, шырынсыққыш, шырынсыққы.
- Грильница – қақтақ, қақтағыш, тортаба.
- Термокружка – термоқұты, күйсақтар.
- Отпариватель – буүтік, бусап.
- Мультиварка – тоққазан, пісқазан.
- Мантоварка – буқазан, қасқан.
- Плед – ораш, жамылғы.
- Вытяжка – ауалық, ауасорғы.
- Шлагбаум – тоссырық, аласырық, тоспа, жолтосар.
- Фольга – үлдір, жұқалтыр.
- Дуршлаг – сүзгіш.
- Терка – үгітек, үккіш.
- Косяк – жақтау.
- Карниз – сырық.
- Плинтус – жиек.
- Гардина – желпіше.
- Контейнер – асқорап, ассауыт.
- Розетка – тоқұя.
- Домофон – үнқақпа, шақырауық, есік қоңырауы, үйсыңғыр, үнді, үнқат.
- Кондиционер – самалдатқыш, ауа баптағыш, ауабап, ауалеп.
Айта кетейік, елімізде «Алисамен» қазақша сөйлесетін қолданушылар саны 30%-ға артты.