Осы және өзге де мәселелер төңірегінде “Альянс Банкі” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқар Дәрушұлы Бишіғаев айтып береді:
– Асқар Дәрушұлы, өзіңізге белгілі, жоғары технология қарыштап дамыған қазіргідей заманда сол саладағы соңғы жетістіктерді пайдалана отырып, уақытты барынша үнемдеу – қазірде әрбір адамның ең басты қажеттіліктерінің біріне айналып отырғандығы жасырын емес. Альянс Банкінің жаңа өнімі – “HandyPay” қызметінің негізгі әрі өзекті мақсаты және оның қызмет ауқымы туралы баяндап берсеңіз?
– Еліміздегі жетекші банктердің бірі Альянс Банкінің жаңа өнімі көпшілік көңілінен шығады деген сенімдеміз. Өйткені, оның өзіндік себептері де жеткілікті. Ең бастысы, ұялы телефон арқылы тұтынушының өз есеп-шотындағы ақшасынан төлем жасауға мүмкіндік беретін HandyPay қызметі қолайлылығымен ерекшеленуде. Сөз реті келгенде атап айтарлығы, оның тағы бір артықшылығы, тұтынушының өз уақытын үнемдеуге, төлемдер мен өзге де операцияларды мерзімінен кешіктірмей шұғыл түрде атқаруға да көмектеседі. Неміс тілінен аударғанда “Hand” сөзі – “қол”, ал “pay” сөзі ағылшын тілінен аударғанда – “төлем” деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, банк клиенттерінің HandyPay қызметі арқылы қолма-қол төлем жасауына әбден болады.
Анығырақ айтқанда, кез келген тұтынушы мобильді төлем қызметінің көмегімен өз есеп-шоттарынан өзіне қажетті жерлерге тиісті төлем жасай алады. Бұл орайда, ескерте кететін тағы бір жәйт, бұл қызмет күнделікті тұрмыстағы ұсақ-түйек төлемдер үшін өте ыңғайлы. Жасыратыны жоқ, жұмысбастылықпен, яғни уақыт тапшылығынан, не болмаса ұмытшақтықтан кейбір төлемдерді уақытында төлей алмай қалатын кездер аз болмайтыны жасырын емес. Қарапайым ғана мысал келтірейін. Мәселен, өзіңіздің немесе балаңыздың немесе жақын туысыңыздың, досыңыздың телефонындағы балансы таусылып қалған кезде, бұл тұйықтан, оп-оңай шығуға әбден болады. Банктегі өз есеп-шотыңыздан шұғыл түрде бірлік ретінде ақша аудару мүмкіндігі де мол.
Еліміздегі қаржы институттары арасында тұңғыш рет құнды жобаны жүзеге асырған Альянс Банкі инновациялық шешімдер бағытындағы ізденістерді де одан әрі арттыра бермек. Көпшілікке белгілі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде Жедел индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленген болатын. Ал, инновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына қол жеткізбек.
– Сонда бұл көмектер қандай жолмен атқарылады және ұялы телефон арқылы төленетін төлемдер түрі анықталған ба?
– Ең алдымен төлем қызметіне ұялы телефонның кез келген өте қарапайым маркасын пайдалануға болатындығын ескерткім келеді. Төлемдер – SMS хабарламалардың тікелей көмегімен атқарылады. Оны таңдаудың басты себебі – бұл қалың көпшілік кеңінен пайдаланатын және өте қолайлы әдіс екендігіне сөз жоқ, өйткені бұл жүйе қолданушыдан арнаулы білімді немесе ұялы телефонға арнаулы қосымша қоюды талап етпейді. HandyPay жүйесі қамтитын төлемдерге келсек, оған қызмет көрсететін компаниялардың саны қазірдің өзінде отыздан асып кетіп отырғандығы көп нәрседен хабар берсе керек. Және бұл тізім ұлғая бермек.
Олардың арасында Kcell, Actіv, Beelіne, Neo, Dalacom, Cіty және басқа ұялы байланыс қызметтері және “ІCON” “Секател”, “Алма-ТВ”, “Jet” сияқты кабельді телевизия мен интернет байланысын ұсынатын компаниялар бар. Сонымен қатар, коммуналдық төлемдер бойынша “Коммуналдық төлемдер орталығы”, “Шығысэнерготрейдтің” ақысын да өтеуге болады. Мұнымен қоса Алматы технологиялық университеті, Халықаралық бизнес академиясы сияқты жоғары оқу орындарына да төлем жүйесі ашық. Атап айтарлығы, төлем аумағы мұнымен ғана шектелмейді. Мәселен, оған жылжымайтын мүлік салығы және жер салығы, автокөлік салығы да енеді.
HandyPay қызметін пайдаланғысы келген тұтынушылар Альянс Банкінде есеп-шот ашып қоюмен ғана шектелмеуі тиіс. Ол сонымен қатар, міндетті түрде HandyPay жүйесіне тіркелуі керек. Бір құптарлығы, бұл жаңа сервис Қазақстанның барлық ұялы байланыс операторларының тұтынушыларына қолжетімді қызмет жүйесі. Клиенттер операцияның түрі, сомасы көрсетілген төлем түрін SMS хабарламасымен 2588 нөміріне жібереді. Содан соң төлемнің түскенін нақтылайтын жауапты күтуі қажет екендігі айтпаса да түсінікті. HandyPay қызметіне қатысты толық ақпаратты www.alb.kz немесе www.handypay.kz сайтынан алып, онымен жан-жақты танысуға болады.
HandyPay төлем жүйесінің оны пайдаланушылардың жеке мәліметтерін қорғау деңгейі жоғары екендігін де атап айтқан жөн. SMS арқылы жіберілетін хабарламаларда клиенттің төлем картасы, есеп-шотының нөмірі, яғни жеке мәліметтері туралы ешқандай дерек көрсетілмейді. Сондай-ақ, әрбір төлем арнайы жіберілетін сеанстық кодпен расталғаны шарт.
– Асқар Дәрушұлы, әрбір тұтынушы төлем үшін қанша ақша жұмсай алады немесе оған белгілі бір шектеу қойылған ба?
– Жоғарыда атап айтылғандай, HandyPay қызметі шағын төлемдерге арналғандықтан оның тәуліктік шектеуі де бар. Мұның өзі қауіпсіздік мақсатында жасалған шара деп түсіну қажет. Бір тәулік ішінде қызметті пайдаланушы 30 мың теңгеден артық ақша жұмсай алмайды. Дегенмен, қажет болған жағдайда оның көлемін 50 мың теңгеге дейін арттырып алуына әбден болады. Тағы бір айта кетерлік жәйт, HandyPay қызметі соншама қымбат емес. Қызмет көрсету мен қызметке қосылу тегін жүргізіледі. Клиент тек қана төлемдер мен аударымдар үшін ақыны банк тарифтеріне сәйкес төлейді.
Елімізде алғаш рет енгізіліп отырған жаңа жоба – HandyPay қызметі Қазақстан аумағында ғана жұмыс істейді. Сол себептен де барлық операциялар ұлттық валюта – теңгемен ғана жүргізіледі. Жаңа өнімге SMS қызметі бар кез келген ұялы телефонды пайдалануға мүмкіндік мол.
Бұл орайда тағы бір мәселе, кездейсоқтық жағдайларды дер кезінде алдын алу қажеттігі әркімге жақсы белгілі. Мәселен, ойда-жоқта ұялы телефоныңызды жоғалтып немесе ұрлатып алсаңыз, бірден ұялы байланыс операторына хабарласу қажет. Бұл жағдайда аталған нөмірдің SІM-картасын шұғыл өшіруді, сондай-ақ Альянс Банкінің клиенттерді қолдау қызметіне хабарласып, өз есеп-шотыңыздан ұялы телефон арқылы тиісті операциялар жасауды тоқтатудың керектігін ескерткен жөн. Мұндай іс-шаралардан кейін жоғалған немесе ұрланған ұялы телефон арқылы HandyPay жүйесімен төлемдер жасау тек сіздің өтінішіңізден кейін қайта іске қосылуы мүмкін. Сөйтіп, Альянс Банкі өз клиенттерінің төлемдер мен есеп-шоттар арқылы жұмысына арналған жаңа әрі ұтымды жағдайларды жасап, ұсынуда.
– Әңгімеңізге рахмет.
Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.
• 15 Қыркүйек, 2010
Альянс Банкінің “HandyPay” қызметі — еліміздегі алғашқы құнды жоба

Маңғыстауда ауыл шаруашылығын дамытатын жобалар жүзеге асырылды
Шаруашылық • Бүгін, 18:22
Шымбұлақ биылғы жаңа маусымын Après Ski дәстүрімен бастады
Алматы • Бүгін, 18:05
Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығы халықаралық деңгейде насихатталып жатыр
Руханият • Бүгін, 17:57
Машина жасау саласын дамытудың басымдықтары айқындалды
Үкімет • Бүгін, 17:22
Алматы облысында шекара заставасындағы өрттен әке мен бала қаза тапты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:53
Қазақстан 2031 жылға дейін 50 жаңа ұшақ сатып алады
Қоғам • Бүгін, 16:33