фото: Тұрар Қазанғапов, ҰОК
Аталған бағдарламада Қазақстан құрамасының атынан Анастасия Городко, Юлия Галышева және Аяулым Әмренова өнер көрсетті.
Үш спортшының ішінде жарыста ең жоғары нәтижеге Анастасия Городко қол жеткізді. Ол 1/16 финалда Қытай спортшысы Я Янды жеңді. 1/8 финалда франциялық Камиль Каброльден басым түсті. Ал ширек финалда қазақстандық спортшы екі дүркін Олимпиада жүлдегері Джейлин Кауфпен кездесіп, жарыс барысында құлап, өнер көрсетуін аяқтады.
Юлия Галышева алғашқы кезеңнен сәтті өтіп, Оңтүстік Корея өкілі Юн Шин Ины жеңді. Алайда 1/8 финалда жапониялық Хинако Томитакаға жол берді.
Аяулым Әмренова алғашқы айналымда канадалық Джессика Линтонге есе жіберді.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада ойындарындағы жарысын аяқтады. 15 ақпанда параллельді могулдан ерлер арасында Павел Колмаков өнер көрсетеді.