24 Қыркүйек, 2010

Қаһарман

1991 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бауыржан Момышұлы –­­­ 100 Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы, Адамзатты алға бастар Ар заңы! Мір оғындай Момышұлы Бауыржан – Туа біткен туралықтың тарланы. Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым, Бойға жиған ақылы мен сабырын, Өмір бойы шындық үшін күресіп, Жалғандықтың тіліп түскен тамырын! Жауынгерді айналдырып құрышқа, Тайсалмастан кірген талай ұрысқа. Ұрпағына үлгі болған ғұмырын Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа! Жүру үшін тура жолдан бұрылмай, Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай. Біздер үшін рухы биік Бауыржан Батырлық пен Ақиқаттың туындай! Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған, Туған елді өз үйім деп таныған, Жалындаған жастар керек еліме Батыр баба қасиеті дарыған! Айбатыр СЕЙТАҚ. Астана.
Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025