Лаңкестікке қарсы халықаралық “Бейбіт миссия-2010” бірлескен әскери жаттығу ойындарының белсенді кезеңі “Мәтібұлақ” жалпы әскери полигонында өткізілді. Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттері әскери құрамаларымен қатар, ҚР ІІМ-інің “Бүркіт” арнаулы отряды мен ҚР ҰҚК-нің “Арыстан” отряды да қатысқан әскери жаттығуларды ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс саласы басшылары қадағалады.
Бұл іс-шараға 6,5 мыңнан астам әскерилердің қатысуы оның ауқымдылығын айқын аңғартады. Сонымен қатар, оған жауынгерлік ұшақ пен тікұшақтарды қоса есептегенде 1,5 мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техниканың тартылуы да көп нәрседен хабар берсе керек. Оларды Қазақстан, Ресей және Қытай мемлекеттері қосқан.
Халықаралық бірлескен әскери жаттығулардың негізіне – бүгінгі таңда әлем назарын өзіне аударып, қоғамға үлкен қауіп төндіріп отырған ең ірі жойқын қатерлердің бірі – ұлтаралық, діни және өзге де шиеленістердің нәтижесінде ушығып, дүрбелең тудыратын күрделі жағдай алынған. Сала басшыларының айтуынша, “Мәтібұлақ” жалпы әскери полигонында ұйымдастырылған ірі жаттығу ойындары оған қатысушыларды, анығырақ айтқанда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің қарулы күштері саласы ұжымын ұлтаралық, діни немесе басқа да шиеленістер тұтана қалған жағдайда, оны бірлесіп жоюға көмектеспек.
Біз сөз етіп отырған полигондағы лаңкестікке қарсы халықаралық “Бейбіт миссия-2010” жаттығу ойындарына енген төрт тактикалық оқиғаның, эпизодтың бірі түнгі уақытта өткізіледі деп жоспарланған. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қарулы күштерінің “Стрела-10” және “Игла” зениттік-ракеталық кешендері авиацияның талқандау алаңына еніп, әуе шабуылы құралдарын жойып жібереді. Сондай-ақ, операция кезінде өз қарсыластарын жаңылыстырып, адастыруды ойластырған “Прима” реактивті дивизиясы өздерінің басты соққысының бағытын нақты көрсетпей, қарсыласынан басым түседі. Сөйтіп, әскери жаттығулардағы алдын ала ойластырылған оқиғалар осылай өрбіп, өзінің соңғы түйінді сәтіне де жетті.
Халықаралық “Бейбіт миссия-2010” әскери жаттығулары ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер – Қазақстан, Ресей, Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан қарулы күштері басшылары тарапынан ойдағыдай бағаланды. Әскери жаттығулар аяқталғаннан кейін өткізілген брифингте сала басшылары шығып сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Брифингте алғашқылардың бірі болып сөз алған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков “әскерилердің өздеріне тапсырылған іске жоғары жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарағандығын” тілге тиек етті.
– Халықаралық “Бейбіт миссия-2010” бірлескен әскери жаттығуларына қатысушы барлық жасақтар түгелдей дерлік өздеріне қойылған тапсырмаларды мүлтіксіз орындап шықты. Бұл орайда атап айтарлығы және ең бастысы, халықаралық жаттығулар қорытындысы ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің аумағында тұрақсыз жағдай қалыптасқан жағдайда оның алдын алуға, яғни оған тойтарыс беретіндей күштің бар екенін дәлелдеп шықты, – деді ол.
ҚР Қорғаныс министрінің бұл пікірі оның әріптестері тарапынан да қолдау тапты. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрі Анатолий Сердюков, ҚХР Қорғаныс министрі Лян Гуанле, Тәжістан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары Зариф Бобокалонов, Қырғызстан Қорғаныс министрі Абибилла Құдайбердиев және басқалар әскери жаттығу ойындары деңгейінің талапқа сай екендігін атап айтты.
Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы. Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.

Aitu экожүйесі: Ауқымды кеңею және 1 миллион белсенді пайдаланушы межесіне жақындау
Технология • Бүгін, 18:44
Ертең ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды
Ауа райы • Бүгін, 18:04
Олимпиада-2026: Биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысында сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 17:36
Михаил Шайдоров: Олимпиададағы жеңісіме Денис Теннің ықпалы зор
Спорт • Бүгін, 16:56
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ұлттық кітапханада Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды
Қоғам • Бүгін, 15:43
Фристайл-могул: Павел Колмаков Олимпиадада 1/8 финалға дейін жетті
Олимпиада • Бүгін, 15:35
Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 14:36
Белгілі инженер – Дінмұхамед Қонаевтың туысы Алтай Қадыржанов дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 14:23
Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 13:45
Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 13:14
European Open: Эсмигуль Куюлова ел қоржынына күміс жүлде салды
Спорт • Бүгін, 12:15
Олимпиада-2026: Шорт-трекші Ольга Тихонова 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 11:50
Еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:15
Олимпиада-2026: 15 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:27