Сәрсенбі күні Антальяның халықаралық әуежайына түс әлетінде келдік. Сәуірдің соңында Жерорта теңізі жағасындағы куротты қалада туристерден аяқ алып жүре алмайсыз. Қазір қыркүйектің соңы болса да нағыз сауданың қызған кезі. Олай деуге негіз бар. Антальяда оннан астам төрт, бес жұлдызды қонақ үйлер істейді. Әрқайсысына бірнеше мың адам сыйып кететін қонақ үйлерде дәл қазір бос орын жоқ дегенге сенесіз бе? Расы сол, орын таба алмай жер сипап қалған туристер жеке адамдармен келісіп, демалуға қарсы емес. Қазақстандықтар “5+2” деген мәртебесі бар “Shіne” (Күншуақ) атты қонақ үйге орналасыпты.
Осында келген соң әлем чемпионаты өтіп жатқан жабық, халықарлық талапқа сай салынған спорт кешеніне келдік. Осы жерде Ақмола облысының қаршадай қызы Анна Нұрмұханбетованың жарыс жолына шығатыны белгілі болды.
– Анна биыл 17-ге толады. Ауыр атлетикамен айналыса бастағанына небәрі төртінші жыл. Талабы таудай аруымызды ірі жарыста сынап, қанатын қатайтып алсақ, болашағы ашыла ма деген үмітіміз бар, – деген еді бізбен қатар отырған Көкшетаудағы Қажымұқан атындағы Олимпиада резервтерін дайындайтын балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мұхтар Усин.
Антальядағы әлем чемпионатына жетпістен астам елдерден мыңға жуық атлеттер келген. Бір салмақта кейде 30-40 зілтемірші күш сынасады. Олардың көтерген салмақтарына қарай төрт топқа – “А”, “В”, “С”, “D”, “Е” деп бөледі екен. Енді соған назар аударалық.
– Таңғы 04.00-де тұрып алып, сол күні аренаға шығатын атлеттерді жинап аламын да, жарты сағат жол жүріп, сағат 06.00-де салмақ өлшеуден өтеміз, Төменгі топта жарыстар таңғы 08.00-де басталып кетеді. Мәселен, 23 қыркүйекте Мейірманов таңғы 08.00-де, Рахатов, әлем рекордшысы Подобедова мен Хромова кешкі 17.00-де жанкүйерлер алдына шығады. Содан жарыс біткен соң қонақ үйге жетеміз де, төрт-бес сағат көз іліп, ертеңінде тағы да жолға шығамыз, – дейді еліміз құрамасының бас бапкері Алексей Ни.
Хош, сонымен Аннаның өнерін тамашаладық. Ақмола облысының өкілі жаман нәтиже көрсеткен жоқ. А.Нұрмұханбетова жұлқа көтеруде 100, серпи көтеруде 120 килоны басынан асырды. Бір байқағанымыз, Анна жаттығуларды орындаған кезде толқиды. Әрине, солай болуы тиісті де шығар. Демек, алдағы уақытта қандасымыз көңіл-күйін тежеп, жаттығуды орындар алдында өзін писхологиялық жағынан дайындап алса оң болар еді.
Осы күні түнде Энвер Түркелери, бас бапкер Алексей Ни, Ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыханов С.Подобедова, А.Өтешов, В.Седов пен басқа да зілтеміршілерді жинап алып, кеңес өткізді.
– Алда тұрған міндет жауапты. Лондондағы жазғы Олимпия ойындарына жолдама құқығын беретін осы жолғы әлем чемпионаты екенін білесіздер. Бірақ, басты мақсат – жолдаманы барынша көп жеңіп алу. Демек, тас-түйін бекем болып, сын сәтте ауыр атлеттердің сәтті өнер көрсетулерін назарда ұстаған жөн, – деді Қайрат Тұрлыханов.
Қос таяғына сүйеніп отырған Энвер Түркелериге қараймыз. Қазақ ауыр атлеттерінің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген маманның тағдыры қызық. Түркияның жарық жұлдыздары Халил Мутлу, Сүлеймен Наймоғлының үш дүркін Олимпиада чемпиондары атанғанын екінің бірі біледі. Екеуін де баптаған – Энвер. Түрік фанаттары өздерінің сүйікті бапкерлерінің Қазақстанға келісім-шарт бойынша кетіп қалғанына қатты намыстанады. Оның үйіне тас лақтырып, терезелерін қиратады, тіпті Түркелериді Түркияның азаматтығынан айыру қажет деп даурығады. Сол кезде ел басқарған қариялар бозөкпелерге былай деген көрінеді: – Сендер босқа шуламаңдар. Қазақтар – қандастарымыз. Бұдан үш мың жыл бұрын ата-бабаларымыз қазіргі қазақ даласынан Анадолыға бет алған. Ел боламын деп, бесігін түзеп жатқан қазақтарға қолұшын созған Энвер – нағыз көреген жан, – депті.
– Қазақстан атлеттері бес-алты жылда адам нанғысыз нәтижелерге қол жеткізді. Бұл – мемлекет қамқорлығы, Елбасының нақты көмегі. Дәулет Тұрлыханов басқаратын “Самұрық-Қазына-Астана” қорының ауыр атлетика федерациясына 147 млн. теңге қаржы бөлді. Демек, жүлде алғандарды марапаттау жағын қарастырған жөн. Бүгінгі жиынға Дәулет Болатұлының орынбасары Оңалбай Аяшев та қатысып отыр. Мұның өзі бізге қарай оң өзгерістің болатынын аңғартса керек. Тіпті министріміз Темірхан Досмұхамбетов та бірнеше күннен бері осында жүр. Демек, Лондонға осы бастан әзірлену қажет, жолдаманы көп иелену табысқа жетелейді, – дейді таза қазақ, орыс тілдерінде сөйлейтін Түркелери.
– Оңалбай Аяшев алдағы уақытта тек ауыр атлетика емес, басқа да спорт түрлерін қаржыландыратынын, ауыл спортын дамытуға да көңіл бөліне бастағанын тілге тиек етті. Осы жолы лицензияға қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болғандарды, олардың бапкерлерін марапаттау жағы да ойластырылған сыңайлы.
Сәрсенбіде көкшетаулық Ербол Мейірманов, еңбегі сіңген бапкер Вилорий Пактың шәкірті Қуаныш Рахатов өздерінің алғашқы жауапты сындарын қорғауға шықты.
– Неге екенін білмеймін, ауыр атлетиканы ерекше ұнатамын. Ата-анам да алғашқыда қарсы болғанымен, қазір маған жанкүйер болып алды. 6-шы сыныптан бастап үйірмеге қатыстым. 85 килода сынға түспекпін. Қазақ елінің намысын қорғау – басты мақсатым, – деген еді жарыс басталар алдында Ербол Мейірманов.
Зілтемірдің зіл батпан ауыр салмағын белі қайысса да қиналмай көтеріп жүрген қос өреніміз шамалары келгенше өнер көрсетті. Ербол мен Қуаныш біздің үмітіміз. Күні ертең олар Анатолий Храпатый, Илья Ильин сияқты Олимпиада чемпиондары атануы мүмкін.
С.Подобедова мен Т.Хромова 75 кило салмақта Астанада түн қоюлағанда аренаға шығады. Светлана нағыз бабында, көңіл-күйі көтеріңкі. “Намысты қолдан бермеспін, қарсыластарым арасында жалғыз қытай қызы ғана бар. Өткен жылы одан 20 кило артық салмақ көтергенмін”, – дейді ол.
В.Седов, А.Өтешов, әйелдер арасындағы 75 килодан жоғары салмақтағы Александра Аборнева бізбен бірге ұшып келген. Седов та, Алмас та бір салмақта сынға түседі. Олар қазір томаға-тұйық күйде, алдын-ала болжам жасаудан ат-тондарын ала қашады.
* * *
Мына бір нәрсеге назар аудару керек шығар. Мәселен, Қытайда 8 млн. адам ауыр атлетикамен айналысады. Бізде бір мыңға жетер-жетпес. Тобықтай қытай ұл-қыздарының әлемдік рекордтардың қаймағын жиі бұзатынына көзіміз жеткен. Бұл жолы қазақстандықтар төрт бірдей әлем рекордын жаңартты. Алайда, бір салмақта 3-4 ауыр атлеттің кездеспеуі ойландырады. Әр салмақ бойынша резерв, яғни кадрлар дайындауға көңіл бөлу қажет сияқты. Мәселен, семейлік В.Кузнецовтың салмағында онымен таласатындар неге аз?
Семейлік атлеттен бір медаль күткеніміз рас. Өткен жылғы Гоянгтағы әлем чемпионатында ол бізге қола жүлде сыйлаған. Осы жолы В.Кузнецовты тани алмай қалдық. Жігерсіз, жасындай жарқылдамаған соң амал бар ма? Владимир үш рет аренаға шықты. Оның тілеуін тілегенімізбен алғашқы 160 килоны төбесінде ойната алмады.
Жұлқа көтерудегі 160 килоны бағындыра алмаған соң, ол серпе көтеруден бас тартты. Ендігі үміт – әйелдер арасында 75 килодан жоғары салмақтағы Александр Аборневада болатын. Өкінішке орай, ол бесінші орынды қанағат тұтты. Кешкілік 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седовтың өнерін тамашалауға бардық. Оның екінші мәрте өз атағын қорғап қалатынына сенімдіміз.
94 кило салмақта 9 атлет жарыс жолына шықты. Ирандық жас пері Асқар Ибраһим жұлқа көтеруді 173 килодан бастағанымен, 180 кило салмақты екі рет көтере алмады. Румын атлеті 168, 174, 177 килоны бағындырды. 180 кило салмақты корей Ким Мин Ли үш ретте де сәтсіз аяқтады.
В.Седов 180 килоны оңай көтерді. Амал бар ма, сол жақ аяғынан жарақат алған талдықорғандық спортшы бұдан кейін 185, 187 килоны көтере алмай, жерге тастап жіберді. Оның серпе көтерудегі қола жүлдесін қанағат тұтуға тура келді. Жас атлет екінші мәрте әлем чемпионы атағын неге қорғай алмады? Бұл мәселе спортшыларды ойландыруы тиіс. Осы маусым айында Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатында В.Седов жұлқи көтеруде 191 килоны қиналмастан игерген. Серпе көтеруде 222 кило оған бағынбаған. “Осы жолы 188, 218 килоны бағындырғанда, ешкімге жеткізбес едім, амал бар ма, жарақатым сыр берді. Енді Лондонда намысты қолдан бермеспін”, деді ол кешкі кездесуде бізге.
105 килодағы Ващанов пен Истомин де лицензиялық ұпай алуға үлес қосты. Истоминнің бапкері М.Русаевтың айтуынша, қазір шәкірті нағыз бабына енбеген. Қараша айында Қытайда өтетін жазғы Азия ойындарында топ жаратынына сенгіміз келеді.
Сонымен, Антальяда ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионаты біздер үшін сәтсіз емес деуге негіз бар. Әрбір ел үшін бұл бәсекедегі басты мақсат – мүмкіндігінше лицензиялық ұпайларды көбірек жинау болатын. Чемпионат басталар алдында федерация президенті Қайрат Тұрлыханов бір немесе екі алтын медаль алсақ жеткілікті, жас атлеттердің бағын сынап, халықаралық, әлемдік жарыстарда тәжірибесін шыңдап, лицензияға барынша көбірек көңіл бөлу қажет деген.
– Өздеріңіз де байқаған шығарсыздар, ауыр атлетика заман ағымымен қарыштап алға кетіп барады. Көршілес Ресей былтырғы әлем чемпионатында бірде-бір алтын алқаға ие болмаған. Биыл бес алтын, күміс пен қоланы күреп алды. Бұл нәтижеге олар қажетті әлемдік мол тәжірибені кеңінен қолданғанының арқасында жетіп отыр. Оның үстіне бас бапкер ауысып, үлкен өзгерістер жасаған. Бізде де, ауыр атлетика да алға жылжып келеді. Қазір ұлттық команда алдыңғы қатарда. Биыл “Самұрық-Қазына” қоры ауыр атлетикаға 147 млн. теңге бөлді. Бұл қаржы спорт жабдықтарын сатып алуға, атлеттердің жағдайларын жасауға жұмсалмақ. Қазір әр облысқа зілтемір, жабдықтар алып жатырмыз. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының тәртібі бойынша Лондон Олимпиадасында үздік нәтиже көрсеткен мемлекеттерге әрі кеткенде 10 лицензия беріледі. Жолдамалар биылғы және келесі жылы Парижде өтетін әлем чемпионатында үлестіріледі, – деген еді бізбен ой бөліскен федерация президенті Қайрат Тұрлыханов.
Сөйтіп, қазақ елінің атлеттері Антальяда командалық есепте төртінші орынға табан тіреді. Әзірше төрт лицензия қолда. Енді қалғанын келесі жылғы чемпионатта иелену үшін қазірден бастап күресу қажет.
Оңдасын ЕЛУБАЙ –Антальядан.

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Алматы әкімі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті
Алматы • 11 Желтоқсан, 2025
Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
12 жастағы оқушы экология туралы кітап шығарды
Руханият • 11 Желтоқсан, 2025
Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді
Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары балыққа қаншалықты құмар?
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Шымкент әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 99 млн теңге жұмсайды
Шымкент • 11 Желтоқсан, 2025
Олжас Бектенов Мәскеуде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты
Үкімет • 11 Желтоқсан, 2025
Көлікті қыста қыздыру: заң қалай өзгереді?
Заң • 11 Желтоқсан, 2025
Қазақстан Үкіметі педагог даярлау ісіне бақылауды күшейтеді
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Каспий мұнай құбырына қажетті жабдықтар енді Қазақстанда өндіріледі
Экономика • 11 Желтоқсан, 2025
Иран Президенті Жүрек орталығына барды
Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025
Алматыда қазақы тазылардың байқауы өтті
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Шымкент әкімі Руслан Берденовке жасалған шабуыл бойынша алғаш рет пікір білдірді
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы: Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жолы ерекше рөл атқарады
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Кәсіпкерлер дабыл қақты: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімін кеңейту қажет пе?
Экономика • 11 Желтоқсан, 2025
Соңғы 20 жылда Иран Қазақстанға 226 млн доллардан астам инвестиция салды
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Жаңаөзенде «Келешек мектептері» жобасы аясында 1200 орындық мектеп ашылды
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Абай облысында заңсыз құрылысқа азаматтар 1 млрд теңгеден астам ақша салған
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Алматы-2 теміржол бекетінде 52 адам табиғи газдан уланды: екі бала жансақтау бөлімінде
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Елдегі балабақша кезегі екі есе қысқарды
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Астанада пробация есебіндегі адамдарға арналған акция өтті
Заң мен Тәртіп • 11 Желтоқсан, 2025
Рудныйда құбыр жарылып, бірнеше ғимарат жылусыз қалды
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Жаңаөзен қаласына 5 жаңа жедел жәрдем автокөлігі берілді
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Министр: Физика, химия және биология жеке пән ретінде өз мәртебесін сақтайды
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
ШҚО полицейлері мал ұрлығын ізін суытпай ашты
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Түнгі уақытта тыныштық бұзған 6 мыңнан астам павлодарлық анықталды
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Президенттер Иран архивінен табылған қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалар көрмесін тамашалады
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Алматыда автобус аялдамадағы троллейбусқа соғылды: бір жолаушы зардап шекті
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Абай облысында 46 млн теңгеден астам сомада ұрлық жасаған топ әшкереленді
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Шалқар ауданында екі медициналық мекеме салынды
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Атыраудағы мансап орталықтарына 63 мың адам не үшін жүгінген?
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
МӘМС жүйесіндегі өзгерістер: Қымбат диагностикалық қызметтер тегін көмек пакетіне енгізілді
Медицина • 11 Желтоқсан, 2025
Президент: Иран – Қазақстанның сауда-экономика саласындағы өте маңызды серіктесі
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік мәні бар сырқат түрлерінің тізбесі жаңарады
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Қытай инвесторы Қазақстанның энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға ниетті
Энергетика • 11 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда артиллериялық снарядтар өндіретін алғашқы зауыттың құрылысы басталды
Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2025
Севоран: Баланы ұйықтатып тісін емдеудің қаупі мен тиімділігі қандай?
Медицина • 11 Желтоқсан, 2025